Алматылықтар айтулы спорт дүбірінің жақындап келе жатқанын анық сезінуде. Дүйсенбі күні мегаполистегі «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығының алаңында студенттік жарыстардың волонтерлері әсерлі флешмоб өткізді. Жүздеген жас латынның «U» әрпі түрінде сапқа тұрып, алда келе жатқан жарыстардың ұрандарын мәнерлеп оқып шықты.
Жұрттың назарын айтулы оқиғаға бұруды көздеген қызықты шараға волонтерлердің ең белсенді бөлігі тартылды. Олардың басым бөлігі Қазақстанның жоғары оқу орындарынан, алайда арасында алыс және таяу шетелден келген азаматтар да бар.
«Біздің волонтерлар – бірінші кезекте Универсиаданың көңіл ауанын жасайтын жігерлі жастар. Ендеше, қыз-жігіттеріміздің қонақтарды қарсы алуға дайын екенін көрсеткіміз келді. Флешмобтар көмегімен біздер үлкен доданы атқарып салуға кіріскен мемлекетіміздің мерейін асыра түскіміз келеді. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар жастарды біріктіріп, командалық рухты көтереді», – деді «2017 жылғы Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ еріктілермен жұмыс жүргізу департаментінің басшысы Абылай Қондыбаев.

iPhone-ді онлайн ұрлайды: Фишингтің жаңа толқынынан қалай сақтанамыз?
Қоғам • Бүгін, 16:46
Шадияр Пернеш еркін күрестен Сурдлимпиада чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 16:39
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы жиі болатын 7 қауіпті учаске анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентін әуежайдан қарсы алды
Президент • Бүгін, 16:15