Қазақстан • 15 Қаңтар, 2020

Солтүстікте бұрқасын, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Казгидромет 16-18 қаңтарға арналған болжамында елімізде ауа райында күрт өзгерістер күтілмейтінін хабарлады.

Солтүстікте бұрқасын, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронттар Атланттан ығысып, республикаға жылы және ылғалды ауа массаларын алып келеді. Сондықтан көптеген облыстарда кей уақыттарда қар, солтүстікте бұрқасын және қатты екпінді жел, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында нормадан 3-8°С-қа жоғары, ал оңтүстікте нормаға жуық сақталады» делінген Казгидромет таратқан ақпаратта. 

 

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше