Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Арқалық: 84 жастағы әжейдің неден қайтыс болғаны анықталды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 сәуірде Арқалық қаласында үйінде жатып дүние салған науқастың неден қайтыс болғанын анықтау мақсатында құрылған арнайы комиссияның қорытындысы шықты.

Арқалық: 84 жастағы әжейдің неден қайтыс болғаны анықталды

Медициналық зерттеу құжаттарына сәйкес,  кейуана 2020 жылдың наурыз айынан бері аса қауіпті жоғары қан қысымы бар науқас ретінде Арқалық қалалық емханасында есепте тұрған. Соңғы екі ай ішінде осы диагноз бойынша үйіне бірнеше рет медициналық жедел жәрдем шақыртқан. Бұл медициналық шақырту кітабына тіркелген жазбалар арқылы дәлелденіп отыр.  

Жас ерекшелігін және созылмалы ауруының бар болғанын ескере отырып, комиссия науқастың өліміне жүрек-қан қызметінің жеткіліксіздігі себеп болған деген қорытынды шығарды. Ал коронавирус індетіне алынған талдау қорытындысының оң нәтиже көрсетуі қосалқы диагноз болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025