Қоғам • 18 Мамыр, 2020

Қалалар арасындағы блокбекеттер әлі де сақталады - Тимур Сұлтанғазиев

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Қалалар арасындағы блокбекеттер әлі де сақталады - Тимур Сұлтанғазиев

«Қалалар арасындағы блокбекеттер әлі де сақталады. Облыстар мен өңірлер арасындағы қозғалысқа да шектеу бар. Әзірге блокбекеттерді алып бастауды көздеп отырған жоқпыз. Бұл өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың әртүрлі болуымен байланысты. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Мәселен соңғы бірнеше күн бойы Шымкент қаласы мен Атырау облысында айтарлықтай өсім орын алуда. Өңірлер арасындағы карантин шараларын жеңілдету және блокбекеттерді алу инфекцияның Шымкент қаласынан Түркістан облысына немесе Атырау облысынан оған жақын өңірлерге таралуына әкелуі мүмкін», - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Бұдан соң, ол әуе рейстерінің қайта жанданып, жиіліктерін арттыру себебін түсіндірді.

«Ұшақта болу уақыты қысқа екендігін түсіну қажет. Нұр-Сұлтаннан Алматыға дейін 1,5 сағат қана ұшасың. Тәуекел айтарлықтай үлкен емес. Ал халықтың бір өңірден екіншісіне жаппай қозғалуының тәуекелі өте жоғары. Адамдар өңірлердің арасында автомобильмен жаппай жүре бастайтындығын түсіну қажет. Ал ол адамның бұған дейін қайда болғанын, кіммен қарым-қатынаста болғанын ешкім білмейді», - деді комитет төрағасы.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25