Аймақтар • 27 Қазан, 2021

ШҚО-да бір тәулік ішінде алты өрт сөндірілді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері өткен тәулікте алты өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да бір тәулік ішінде алты өрт сөндірілді

Алтай ауданы Соловьево ауылында 26 қазанда ферма аумағының қорасында еденнің ағаш құрылымдары өртенді.

Сол күні Бутаково ауылында Риддердің астында ағаш монша өртенді. Көрші қараусыз қалған учаскеде үй мен шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары отпен жабылды. Құтқарушылар жалпы ауданы 80 ш.м. өртті сөндірді. Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану.

Сонымен қатар, Глубокое ауданындағы Тоқтаров көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді. Құтқарушылар 10 ш.м. алаңдағы отты және жанып жатқан отынды, 40 ш.м. алаңдағы құрғақ шөптің жануын жедел жойды.

Үржар және Катонқарағай аудандарында да өрт болды. Үржар ауданы Челюскин көшесіндегі жеке тұрғын үйде шатыр, жеке заттар, жиһаз, сондай-ақ шаруашылық құрылыстар блогының ағаш құрылымдары жанып кеткет. Ал  Катонқарағай ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 30 шаршы метр болатын ағаш шатыр құрылымдары өртенді.

Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында 3 тонна шөп өртенген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35