Өнер • 23 Сәуір, 2022

Роза Бағланова туралы кітап-альбом шықты

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өтіп жатқан Eurasian Book Fair-2022 V Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде Роза Бағлановаға арналған кітап-альбомның тұсаукесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Роза Бағланова туралы кітап-альбом шықты

«Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет отандық кітап саласын дамытуға, қазақстандық авторларды қолдауға, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді шығаруға ерекше көңіл бөліп келеді. Өздеріңіз білетіндей, биыл аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы мерейтойға «Роза Бағланова» кітап-альбомы дайындалды. Менің ойымша, бұл оқырмандарға қызықты болады», деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кітаптың тұсаукесер рәсімінде. Даңқты әншіге арналған кітап-альбомның 3 мың данасы шығарылған.

Айта кетейік, көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру, әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи ассортиментін ұсыну. Сондай-ақ, кітап шығару мен полиграфия саласындағы жаңа технологияларды таныстырып, әлемдік кітап шығару және баспа индустриясының тәжірибесін зерделеу.


Биылғы көрмеге барлығы 80-нен астам компанияның өнімі қойылған.

Еске сала кетейік, Қызылордада және Алматыда Роза Бағланованың ескерткіші ашылды.



 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше