Қоғам • 02 Сәуір, 2024

Шымкентте әкімнің бұрынғы орынбасары сотталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте әкімнің бұрынғы орынбасары сотталды

Фото: ашық дереккөз

2024 жылдың 1 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А. Манатқа қатысты үкім жариялады.

Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Олар алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында мегаполисті абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберінде, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қамқоршылық жасағаны үшін кәсіпкерден 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Көзді емдейтін құрылғы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Талдықорған түрленіп келеді

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Телефон тәрбиелеген буын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Көмірмен көмкерілген әшекейлер

Кәсіпкер • Бүгін, 07:55

Жаңғырған «Абай»

Театр • Бүгін, 07:50

Көне түркі шежіресі

Жәдігер • Бүгін, 07:40

Ядролық зымыран

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35