Қазақстан • 10 Сәуір, 2024

Қырғыз елінен келген көмек Жылыой ауданына жөнелтілді

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғыз елінен келген көмек Жылыой ауданына жөнелтілді

Фото: Видеоскрин

Гуманитарлық көмекті бастап келген Қырғыз Республикасы министрінің орынбасары Урматбек Шамырқанов бауырлас елден қазақ еліне 300 тонна жеткізілгенін, соның ішінде Атырау облысына 80 тонна келгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта 4 фураға тиелген азық-түлік, жылы киім-кешек, жатын орын төсектерін және жылыту құралдарын Жылыой ауданына жөнелту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.