Таным • 27 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Марлиннің дәм-тұзы

29 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балықшы Марлин Уэйкман 20 акула жүзген суға түсіп, аман қалған. Бұл туралы «ABC News» хабарлады.

Ғалам ғажаптары: Марлиннің дәм-тұзы

Жұмыс кезінде 24 жастағы балықшы Марлин Уэйкман айлаққа бекітілген кемеге секіремін деп тайып түсіп, жыртқыштар ордасына құлайды. Кеме тұрған айлаққа балықшылар көп мөлшерде балық лақ­тырып, акуланың назарын аударған. Бұл әрекеттері сәтті аяқталған. Десе де акулалар балықшы жігіттің аяғы мен иығынан тістеп үлгерген. Оған жедел түрде ота жасау үшін Сент-Мэри медициналық орталығына жеткізілген. Ревматолог-хирург Роберт Боррего зақымның ар­терияға жетпегенін айтқан. Уэйкманның жарақат мөлшеріне қарағанда, акуланың ұзындығы екі метр­ден асады. «Құдай сақтады» деген осы...

 

Табиғи иіссу

д

Табиғаттың өз иіссуы бар. Ол – кеппел ағашы. Бұл ағаштың же­місін жеген адамның өн бойынан қаншама күн бойы хош иіс аңқып жүреді.

Ерекше ағаш­­­­­­­тың отаны – Ява аралы. Оның же­міс­те­рі бұтақта емес, тікелей ма­гис­тралда өсе­ді. Қат­ты қа­бық­та­ғы қара­пайым же­міс­терге ұқ­сайды. Піс­кенін тек кесу арқылы тек­­середі. Егер ол жеуге дайын болса, онда қоңыр немесе қыз­ғылт сары түске боялады. Дәмі – тіл үй­ірерлік. Ал адам осы жемістің дәмін татса, онда терісінен біраз уақытқа дейін гүлдің иісі шығады. Парфюмерлік қасиетінен бөлек, кеппел жемістері құнды фармакологиялық сипатқа да ие. Өсімдік­тің жапырақтарында көптеген танин мен эфир майы бар. Оны холестеринді төмендетуге, микробқа қарсы пайдалануға болады.

 

Эко-кинотеатр

по

Күн энергиясымен жұмыс істейтін әлемдегі ең кішкентай кинотеатр­ды 1960 жылы суретші Питер О’Конел жасаған.

«Sol Cinema» атауына ие болған кинотеатр экологияны жақсарту, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ойлап табылған. Автор бұл туындысы арқылы табиғатты қорғау, тазалығы үшін барлық өндіріс орнының экологиялық энергияға көшу керектігін айтқысы келген. Әлемдегі ең кішкентай эко-кинотеатр Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Кинотеатр 8 адамға арналған. Мұнда көбіне қоршаған орта туралы деректі фильмдер көрсетіледі. Кинотеатр литий-ионды батареялар арқылы жұмыс істейді.