Спорт • 04 Маусым, 2024

Кәсіпқой бокс кеші өтті

83 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Күні кеше ғана құрылған HAS PRO BOXING промоутерлік компаниясы Алматыдағы ADD спорт кешенінде кәсіпқой бокстан өзінің тұсаукесер турнирін ұйымдастырды.

Кәсіпқой бокс кеші өтті

Кештің басты жекпе-жегінде 63,5 кг салмақ дәрежесіндегі Вик­тор Коточигов пен Мирас Ер­та­нов күш сынасты. Бұл бәсекенің фавориті Ко­точигов еді. Өйткені оның қарсыласына қарағанда тәжірибесі әлдеқайда зор. Тараздық боксшы 16 кездесу өткізіп, оның 14-інде жеңіске жетті. Бес бәсекелесін айқын басымдықпен жеңді. Виктор Қазақстаннан бөлек, Қытай, Ресей, Германия, Грузия, БАӘ, Польша және Англияда өнер көрсетті. Ал Ертанов та оның бірі де жоқ. Оның рекорды – 6 кездесу, 5 жеңіс, 1 жеңіліс. Десек те азулы қарсыласымен еш қаймықпай айқасқан Мирас бұл бәсекеде өте сауатты жұдырықтасып, ұпай санымен басым түсті. Сөйтіп, Гран-при сайысының фи­налына жолдама алды. Ақтық сында Мирастың кіммен жұдырықтасатыны аталған промоушеннің келесі жарысында анық­талады. Гран-придің қорытындысы бо­йын­­ша жеңімпаз атанған боксшыға 3 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Алматыдағы турнирде жанкүйерлер тағы бірнеше қызықты жекпе-жектің куәсі болды. Мәселен, жастар арасындағы әлем чемпионы Балауса Мұздиманға (53,5 кг) үндіс­тандық Моника Сингхты ұрып жығу үшін небәрі 43 секунд жеткілікті болды. Сағатбек Мұсахановтың шәкірті қарсыласын бүйірден ұрып құлатты. Әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысушы, құрлық біріншілігінің қола жүлдегері Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) Дмитрий Хасиевті оңдырмай сабады. Төреші жекпе-жекті үшінші раундта тоқтатты. Санатәлінің сыңары Саматәлі (61,2 кг) тәжікстандық Елшібек Низовмамадовты ұпай санымен ұтты. Әйгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтен тәлім-тәрбие алған Нұрсұлтан Аманжоловтың (+90,7 кг) қарсыласы өзбек- с­тандық Мұхиддин Рабжапбаев үшінші раундтан кейін бәсекені жалғастырудан бас тартты. Былтыр Азиадада күш сынасқан Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) Үнді елінен келген Батхи Сингхты алтыншы раундта айқын басымдықпен жеңді. 

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32