Спорт • 06 Маусым, 2024

Азаттың қарсыласы анықталды

16 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-де өнер көрсетіп жүрген аса жеңіл салмақтағы қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм өзінің келесі кездесуін 3 тамызда Абу-Дабиде америкалық Си Джей Вергараға қарсы өткізеді.

Азаттың қарсыласы анықталды

32 жастағы Техас штатының тумасы муай-тайдың хас шебері. Осы спорт түрін ол 2012 жылдан бері серік етіп ке­леді. Сол аралықта 18 кездесу өт­кізіп, 12 рет жеңіске жетті. Жеті бәсекені мерзімінен бұрын аяқ­тады. Биыл наурыз айында ұйым­дастырылған өзінің соңғы жек­пе-жегінде ол біздің Асу Алма­баевқа есе жіберді. Ал былтыр Вергара Даниэль да Сильва мен Винисиус Саль­вадорға сан соқтырды.

Азат Мақсұм UFC-мен келісімшартқа отырғанға дейін қатарынан 16 айқасты өз пайдасына шешті. Әлемнің ең мықты промоушеніндегі алғашқы кез­десуін ол 2023 жылдың жазында Тайсон Нэмге қарсы өткі­зіп, қарсыласын ұпай санымен ұтты. Алайда одан кейін ойда-жоқта Чарльз Джонсонға есе жіберді. Бұл файтерлердің екеуі де – АҚШ-тан.

Парсы шығанағында ұйым­дастырылғалы отырған тур­нир­дің басты бәсекесінде Умар Нұрмагомедов Кори Сэнд­ха­генмен сайысқа түседі. Сон­дай-ақ Тони Фергюсон мен Майкл Кьеза, Ник Диас пен Ви­сенте Люке және тағы басқа да жекпе-жектер жанкүйерлердің көңілінен шығады деген ойдамыз.