Таным • 25 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Жетпіс екідегі жиһанкез

51 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ұлытауға бардың ба?» дейді Сәр­сенбай қария. Тек айтып қана қой­майды, туған жерінің тұмса табиғатын айтып таң қалдырады. Әңгімесін осы сұрақтан бастайтын ақсақал алты ай ішінде 8 мың шақырым жол жүріп, еліміздің 20-дан астам қаласын аралаған.

Ғалам ғажаптары: Жетпіс екідегі жиһанкез

Зейнеткер бұл сапарды алты жыл армандаған. 2022-нің көктемінде ойы жүзеге асты. Бір қызығы, ол тек саяхаттамайды. Туған жері туралы әңгімелеп, қолөнершілермен танысады. Тіпті шеберлердің арнайы каталогін жинап, халықаралық ЮНЕСКО ұйымына тапсырған. Алдағы уақытта ел туризмін дәріптеу үшін жер шарын аралап шықпақ ойы бар.

 

Харрисонның ерлігі

оаро

Ғаламда ерліктің түрі көп. Соның бірі – Харрисонның бастамасы. Оның қанында мейірім тұнып тұр. Себебі ол 2 миллионнан астам жаңа туған нәрестені құтқарған.

Аустралиялық азамат Джеймс Хар­рисон 1000-нан көп рет қан тапсырды. Оның сирек кездесетін қан тобындағы антиденелер гемолитикалық ауруы бар жаңа туған нәрестелердің дерттен айығып, әрі қарай өмір сүруіне көмектеседі. Харрисонның донорлығының арқасында шамамен 2 миллионнан астам нәресте аман қалды. Бір қызығы, оның ішінде Джеймстің өз немересі де бар. Міне, ғажап!

 

Жеуге жарамды робот

рпо

Жаңалықтардан «Үй салатын, операция жасайтын, соғысатын робот шығыпты» дегендерді жиі естиміз. Оған қазір таң қал­май­мыз да. Жеуге жарамды робот шығыпты.

Швейцария технологиялық институ­тының ғалымдары адамның немесе жануарлардың асқазанына енетін робот жасап жатыр. Оны ауруларды диагностикалау, ағзаға дәрілерді дәл жеткізу үшін қолданбақ. Яғни роботты жейсіз, ол сіздің асқазаныңызға барады. Барады да, өзіне тапсырылған міндетті орындайды. Ғалымдар жеуге жарамды роботтарды желатин-глицерин материалынан жасады. «Роботтар мен тағамдарды біріктіру – қызықты әрі қиын. Себебі шектеу көп, мүмкіндік аз. Оның бәрін қолдан жасаймын», деді зертхана директоры Дарио Флореано.