Мәдениет • 01 Тамыз, 2024

Түркі жұртына ортақ кітапхана

153 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі де берік, сапасы да жақсы болары сөзсіз. Оқитын ұлт қалыптастыру жолында Мемлекет басшысы бірқатар бастама көтеріп, тікелей назарында ұстап отырғанына жұрт куә. Биылғы үшінші Ұлттық құрылтайда барша халықты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырғаны да есте.

Түркі жұртына ортақ кітапхана

«Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кі­тап­хана ісі кенжелеп қалды. Тоқ­са­нын­шы жылдардағы аласапыран уа­қыт­та мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айы­рылдық. Кейінгі жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кі­тапхана – мемлекеттің, ұлттың негіз­гі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітап­­хана ісін дамытуға бейжай қарауға бол­майды», деген еді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. «Өздеріңізге мәлім, мен былтыр Түркістанда өткен құрылтайда елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітап­хана салу туралы айттым. Ондай кітап­ханалар көптеген елде бар. Менің тап­сырмаммен Алматыда және Астанада көп ұзамай осындай тамаша ғимараттар бой көтермек. Жалпы, бұл саланы жетіл­діру үшін басқа да ауқымды шараларды қол­ға алу қажет», деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, әлемде көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Елімізде де жуырда Ұлттық кітап күні жаңа мереке болып енгізілді. Ел Президентінің тапсырмасына орай 23 сәуірді Үкімет қаулысымен атаулы дата ретінде бекітті.

Жалпы, кітап оқытуға, кітапхана жүйесіне қатысты атқарылып жатқан ілкімді істер бұл ғана емес. Осы орайда Мәдениет және ақпарат министрлігі «Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын құру» іс-шаралар жоспары бойынша бекітілген Жол картасымен жұмыстар атқарып жатқанын ерекше айтып өтеміз. Бүгінде Жол картасына сәйкес еліміздің сирек қорларының саны мен мазмұнын анықтау және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кітапхана, музей, жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда сақталған құнды қолжазбалар мен сирек кітаптардың бірыңғай реестрі құрылды.

Аталған жұмыстарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның «Түркі халықтарының ортақ жазба мұрасына зерттеу, іріктеу, жіктеу (ранжирлеу) және проблемалық мәселелері, сондай-ақ түркі халықтарының жалпы жазуы тақырыбы бойынша жұмыстар жүргізу мен салалық қорытындылар жасайтын жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес құрылған Жұмыс тобы жүргізіп жатыр. Жұмыс тобына Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҒЖБМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, Ұлттық академиялық кітапхана, Ұлттық архив мамандары енген.

Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әлидің айтуынша, Жол картасы негізінде тарихи-мәдени құжаттар мен қолжазбаларды, сирек кітаптарды, материалдарды зерт­теу, ғылыми баға беру мақсатында ғалымдар мен кодиколог мамандардан Сарапшылар тобы құрылған.

«Архив – 2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында 2024 жылдың аяғына дейін Әзербайжанның Ұлттық кітапханасы мен Ұлттық музейіне, Түркия Республикасының архивіне, Османлы архивіне, Топкапы сарайының архиві және кітапханасына, Сүлеймания қолжазбалар кітапханасына, Осман империясы дирекциясының архивіне, Өзбекстан Республикасының Ұлттық архивіне, Өзбекстан Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар архивіне, Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханасына ғылыми-іздестіру экспедицияларын жос­парлап отыр. Сонымен бірге, «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және танымал ету, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағытындағы мемлекеттік тапсырыспен стратегиялық әріптестікті іске асыру бойынша «Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары» бұйрығына сәйкес 3 жобаға конкурс жариялады», дейді комитет төрағасы.

Аталған жобалардың ішінде ТМД елдерінің мұрағаттарында Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті бойынша жаңа мұрағаттық материалдарды анықтау бойынша зерттеулер жүргізілетін «Қазақ­стандық жазушылардың зерттеу орталығының ТМД елдерінің мұра­ғат­тарында жұмыс істеуі» жобасы бар. Жоба аясында тапсырысты орындау­шы Қазақстан Жазушылар одағы ТМД елдерінің ішіндегі түркі мемлекеттерінің (Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан) қорларына ғылыми іссапарлар ұйымдастырмақ. Табылған материалдар шетелдік архивтер мен музейлерден, ғылыми орталықтар мен кітапханалардан, жоғары оқу орындарынан әкелінген тарихи-мәдени құжаттар мен қолжазбаларды, сирек кітаптарды, материалдарды зерттеу, ғылыми баға беру мақсатында құрылған Сарапшылар тобына ұсынылады.

ҒЖБМ Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын құру іс-шараларының аясында ежелгі және ортағасырлық түркі жазба жәдігерлерін шетелдік архивтер мен музейлерден, ғылыми орталықтар мен кітапханалардан тауып, жүйелеу, зерделеу, сондай-ақ олардың электрондық базасын жасақтау мәселелерін іске асыру мақсатында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға қажетті техникалық құжаттар әзірлеп, 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қар­жы­ландыру аясында пысықтау ұсы­нылып отыр.

Жол картасына сәйкес алдағы уақытта Сарапшылар тобы Жұмыс тобымен бірлесе жүйелеу, зерттеу әрі сараптама жұмыстарын іске асырады.

Жол картасының «Түркі мемлекет­терінің цифрлық кітапханасын құру» атты тармағында көрсетілген Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын құруға арналған бюджеттік өтінім бойынша Ұлттық академиялық кітап­ханамен жұмыстар жүргізілді. Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын Қазақстан ұлттық электрондық кітап­ханасы аясында жүзеге асыру көздел­ген­діктен 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру аясында Бірыңғай авто­маттандырылған кітапханалық ақпа­рат­тық жүйесін модернизациялауға қо­сымша бюджеттік өтінім берілді.

Бюджеттік өтінім қолдау тапқан жағдайда алдағы жылдары жоспарланған жұ­мыстар жүргізілетін болады. Атап айт­қанда, электрондық каталогтің цифр­лық нұсқасы 2025 жылы дайындалады деп күтіліп отыр.

Ұлттық академиялық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергеннің айтуынша, жұмыс тобы қазір 2026 жылға дейін жоспарланған Жол картасы бойынша нақты детальдау бағытында еңбектеніп жатыр.

«Цифрлық кітапхана болғандықтан жүктелетін материалдардың сапасы мен санын, форматы, техникалық жұмыстарының нормалары мен уақытын талқылап жатырмыз. Казнебте дәл қазір «Түркітілдес елдердің цифрлық кітапханасы» ресурсы ашық, жоба осы платформадағы бар құжаттармен іске асып жатыр. Бұл бас­тама 2026 жылдан кейін де жалғасын табуы керек деп ойлаймын. Халықаралық кеңістікте қолжетімді болуы үшін авто­мат­тандырылған жүйеде арнайы модуль құрастыру қажеттігін, сарапшылардан өткен құжаттарды жүктейтін мамандардың жұмысын әлі де талқылап жатырмыз», дейді Ғ.Құдайберген.

Сондай-ақ іс-шаралар жоспарының «Қарахандықтар мен Алтын Орда тұсында жазылған жәдігерлердің қолжазбаларын зерттеу, ортақ транскрипциясын жасау, электрондық басылымдарды да­йындап, түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасына енгізу» тармақшасы бо­йынша ҒЖБМ ақпарат күтіліп отыр.

«Қаржы министрлігінің жауабы негізінде Жол картасының 5-тармағын және 11-тармағын орындауға шығындар талап етілмейді деп көзделген. Дегенмен, шығындар қажет болған жағдайда Қаржы министрлігінің жауабы негізінде Министрлік пен ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы шығындар арқылы пысықталады деп есептейміз», дейді Рустам Әли.

Ал жоспардың басқа тармақшалары бойынша жұмыстар 2025-2026 жылдар аралығында кезең-кезеңмен жүргізілмек. Мәселен, «Ақпараттық-имидждік жұ­мыстар» атты тармағы бойынша бүгінгі күні түркі мемлекеттерінің мұрасына қатысты құжаттар Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасы толық да­йын болғанша Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасында орна­ласқан түркітілдес елдердің кітапханасы депозитарийіне жүктеліп жатыр. Бүгінде барлығы 550 құжат салынған.

Айта кетейік, іс-шаралар жоспарының басқа тармақшалары бойынша 2024-2026 жылдар бойына БАҚ-қа ақпараттар беріліп, имидждік жұмыстар жүргізіле береді.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024