Мирас • 05 Қыркүйек, 2024

Тарихи мұраға заманауи көзқарас

72 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көне тарихымыздың көмбесіндей болған құнды жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтау маңызды міндет. Бірегей мұралар бүлінбей, келешекке қаз-қалпында жету үшін кәсіби мамандардың күтімі қажет. Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Мемлекеттік орталық музейде «Ашық қалпына келтіру орталығы» есік ашып, «Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» деген атаумен дөңгелек үстел өтті.

Тарихи мұраға заманауи көзқарас

Іс-шараны салтанатты түрде ашқан  Мемлекеттік орталық музей директоры Рашида Харипова «Ашық қалпына кел­­тіру орталығын» құрудағы бас­ты мақсат – тарихи мұра­лар­ды қаз-қалпында сақтау және музей құндылықтарын қал­пы­на келтіруші мамандар  тап­шы­лығына байланысты бо­ла­шақ реставраторлар легін қалып­тастыру екенін атады. Му­зей басшысы орталықта ше­бер­лік сабақтарын өткізу ар­қылы осы мамандыққа жас­тар­дың қызығушылығын оятып, кө­рермендер арасында музей жұ­мысына деген оң көз­қа­рас қа­лыптастыру қажет деп есептейді.

Жалпы, орталық музей қоры ХІХ ғасырдың 30-жылдары­нан қалыптаса бастаған. 200 жыл­ға жуық тарихы бар тағылым ордасында реставрациялық жұмыс 1978 жылдан бас­тап жүргізіледі. Ал «Ашық қал­пына келтіру орталығы» сала бойынша білім алаңын ұйымдастырып, реставратор мамандар, тарихшылар мен өнер сүйер қауым арасында іскерлік қарым-қатынас орнатуға сеп болмақ. Мұндай орталықтар­ды қоғамдық өмірге енгізу мә­дени нысандар мен музей қор­ларындағы музейлік заттарды сақтаудың маңыздылығын көрермендер арасында жан-жақты насихаттауға ықпалын тигі­зетіні де анық.

ыва

Көне жәдігерлерді сақтау­дың заманауи мүмкіндіктері мен ­тың тәсілдері сараланған басқо­су­да тақырыпқа орай бірнеше баяндама көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, ЮНЕСКО және Еуроодақтың «Жібек жолы» жобасының үй­лес­тіру­шісі Маджер Маса­нов «Жібек жолы бойынша ЮНЕСКО жобалары аясында жү­­зеге асырылған қалпына кел­тіру жұмыстары», Қазақстан қолөнершілер одағының төр­ағасы, материалдық емес мә­де­ни мұра жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі әрі сарап­шысы Айжан Бекқұлова  мен «Қырым аралы» ғылыми-қал­пына келтіру зертханасының дизайнері және реставраторы Элина Алтынбекова «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оюлы есігінің қайта жаңғыруы: консервациялау және қалпына келтіру» тақырыбында баяндама жасады.

Мамандар музей қорын­да­ғы бұйымдарды күтіп-бап­тау­дың ғылыми тәсілдеріне тоқ­­талса, Орталық музей қыз­мет­­керлері бұл бағыттағы өз тә­жі­рибелерімен бөлісіп, ше­бер­лік дәрісін өткізді. Керами­ка­лық  бұйымдарды, кілем мен то­қыма өнімдерін, киім және мата бұйымдарын, метал­дан жа­сал­ған жәдігерлерді, бей­не­леу өнері туындыла­рын қал­пы­на кел­тірудің бірегей әді­сі­мен бө­ліскен А.Құрақбаева, Д.Иб­раева, Г.Мекебаева, О.Пе­рова, Б.Шай­кенова, Ш.За­ман­бе­­кова қа­тарлы музей маманда­ры кә­сіби шеберліктерін паш етті.

Реставрация орталығының ашылуы ғылыми ортадан бө­лек, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен еліміздің тарихи-мәдени мұрасына қызығатын қарапайым көрермен үшін де таптырмас олжа. Таныс­ты­ры­лым аясында бірегей экспо­нат­тар – белгілі зерттеуші, өнер­тану ғылымдарының докторы, Орталық Азия мен Қазақстан­ның сәулет өнерін зерттеуші ға­лым Лия Маньковскаяның Қожа Ахмет Ясауи кешенін қалпына келтіру жұмыстарына даярла­ған сызбалары, Қазақстанның ­еңбек сіңірген суретшісі Молдах­мет Кенбаевтың (1925-1993) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі есігі­нің қарындашпен салған сызбасы ұсынылды.

Сондай-ақ шара барысында Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер кол­леджі­нің студенттеріне металл және керамика бұйымдарын қал­пына келтіру бойынша ше­берлік сабақтары өткізілді.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше