Көрме • 10 Қыркүйек, 2024

Корей кескіндемесіне арналған көрме ашылды

69 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде корей халқының бейнелеу өнерінен сыр шертетін көрме ашылды. Үздік кескіндемелерден тұратын өнер жәрмеңкесі Корей Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен және Корей халық өнері мектебімен бірлесе ұйымдастырылған.

Корей кескіндемесіне арналған көрме ашылды

«Музей көп жылдар бойы Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулдығымен ынтымақтаса жұмыс істеп, корей халқының тарихы мен мәдени дәстүрлерінің әртүрлі аспектілерін көрсететін көрмелер өткізіп келеді. Орталық музейде «Чэккори» (натюрморт) атауымен ұйымдастырылған көрме ел азаматтарына корей шеберлерінің бай мәдениетімен және халық кескіндемесімен танысуға мүмкіндік береді», деп атап өтті іс-шараны салтанатты түрде ашқан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова

Сондай-ақ Корей Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Пак Нэчхон мәдени шаралар қос ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айта келіп, көрмені ұйымдастыруға күш-жігер жұмсаған жандарға алғыс білдірді.

л

«Чэккори» көрмесі – корей елінің дәстүрлі «Минхва» өнерімен және оның бірегей стилімен танысуға мүмкіндік береді. Көрменің ашылуында  «Минхва» халық өнері мектебінің директоры Чон Бён Мо «Чэккори» көрмесінің маңызы және қазіргі мәдениеттегі дәстүрлі «Минхва» стилінің танымалдығы туралы баяндады.

ж

«Чэккори» - Кореядағы кітап тақырыбы бар натюрморттың атауы. Әлемде бұл өнердің көптеген үлгілері болғанымен, Чосон әулеті дәуірінде бұл бағыт өрлей түскен. Ол тұста кітап (1392-1910 жж.) үлкен құндылыққа ие болып, зиялылықтың көрсеткішіне айналған деседі. Бұл өз кезегінде шығармашылықтың дамуына септігін тигізген.

- «Минхва» - корейлік эстетика мен тұнық сезімге құрылған, ең байырғы корей тамыры бар кескіндеме; қараңғы реңктерсіз, жарқын және көңілді, тек оң энергия беретін кескіндеме. Минхва» өнері соңғы кездері әлемде танымал болып келеді. Қазіргі уақытта бұл өнер түрінің 200 мыңнан астам ізбасарлары бар. «Чэккори» көрмесінің азиялық туры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінен басталды. 40 заманауи өнер суретшілері «Минхва» кітаптарды түрлі қиял әлемдерін көрсету үшін пән ретінде пайдаланды. Мұнда көрермендер корей халқының тарихы мен мәдениетінің байлығына толы өнер әлемін тамашалай алады, - дейді музей мамандары.

Көрменің салтанатты ашылуында «Намсон» дәстүрлі корей өнері студиясының әртістері мен Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024