Білім • 28 Қаңтар, 2025

111 адамның нәтижесі жойылды

54 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. 13 қаңтарда басталған тестілеуді 2 аптада 79 мыңнан аса адам, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 203 талапкер (оларға қосымша 40 минут беріледі) тапсырған. Тестіленушілердің 30 пайызы шекті балл жинай алмаса, 111 адамның нәтижесі жойылған.

111 адамның нәтижесі жойылды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сүйенсек, тестке қатысушылардың 76,8%-ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілін­де, 46 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Шекті балды 70%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, мұны екі оқушы жинады. Талапкерлердің басым бөлігі, яғни 16,9%-ы «Математика-физика» және «Биология-химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 10,3%-ы «Шығармашылық емтиханды» қолай көрген. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-физика», бұл бағытты 105 адам таңдаған.

Қазіргі таңда 111 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішін­де 70 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым са­лын­ған заттарды алып өту әре­кеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұз­­ғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ. Биылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылатынын алда тест тапсыратындардың есіне сала кеткен жөн. Бұған де­йін хабарлағанымыздай, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тесті­леу­ге қа­ты­суға 167 мыңға жуық талап­кер ниет білдірген.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15