
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымы дамыған ел кез келген сын-қатерге төтеп бере алатынына баса мән берді
Сондай-ақ Қазақстанның болашағы отаншыл әрі білікті ғалымдардың қолында екенін, мемлекет оларға жан-жақты қолдау көрсете беретінін атап өтті.
«Біздің ортамызда майталман мамандар отыр. Арамызда бүкіл саналы ғұмырын ғылым-білімге арнаған ардагерлер мен дарынды жас ғалымдар да бар. Баршаңызға тағы да алғыс айтамын», деді Мемлекет басшысы.
Жиын соңында Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады
Іс-шарада «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағы тұңғыш рет тапсырылды. Сондай-ақ бір топ жас ғалымға баспана кілті берілді.
Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері Жұмабай Бәкенов пен Сұраған Дүрбітхан, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының кіші ғылыми қызметкері Анастасия Капытина сөз сөйледі.