Айбын • 16 Сәуір, 2025

Президент кеңесшісі Ұлан сарбаздарымен кездесті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының бастамасымен өткізілген Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ел болашағына бағытталған маңызды тапсырмалар жүктелгені мәлім, деп жазады Egemen.kz.

Президент кеңесшісі Ұлан сарбаздарымен кездесті

Фотолар: Ұлттық ұлан

Сондай тапсырмаларды іске асыру аясында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқаратын Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, мазмұнды әңгіме өрбітті. Жиынға Жамбыл облысының бірқатар қоғам қайраткері және мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

ұланҰлттық ұланның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Мәлік Отарбаев Президент тапсырмаларын орындау бағытында жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға тоқталып, ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауда әскери құрылымдардың атқарып отырған маңызды қызметін ерекше атап өтті.

Кездесу аясында әскери бөлімнің жеке құрамымен ашық форматта пікір алмасу болды.

Жүздесу соңында М.Отарбаев әскери қызметкерлерге сәттілік тілеп, мемлекеттің болашағы жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.

Ол ел қорғаны саналатын Ұлттық ұланның ел бірлігі мен тыныштығын сақтаудағы рөліне айрықша тоқталып, қызметтеріне алғыс білдірді.