
Футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің айтуынша, келісімшартты тоқтатуға келіскен ойыншылардың бәрі – легионер.
«Екіжақты келісімге сәйкес Никита Капленко, Гильермо Морайс, Матеус Барбоза және Евгений Козловпен арадағы келісімшарт ресми түрде тоқтатылды. Ойыншылардың екеуі ең жоғары жалақы алған еді. Бұл ойыншылардың бәрі – легионер. Олар өтемақысыз келісішартты тоқтатуға келісті. Енді басқа ойыншыларға алдағы екі ойында өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік. Біздің командаға серпілетін, жағдайды түзейтін кез келді. Олай болмаған жағдайда, ахуалды жақсартқысы келетіндерге орынды босату қажет», деді Дидар Сыдықбек.
Бас менеджер алдағы уақытта футбол клубы ойыншыларының құрамы тағы да өзгеретінін жоққа шығармады. Команданың көрсеткішін жақсарту үшін кем дегенде жаңадан 6-7 ойыншы қажет.
Атырау облысы