
Іс-шараның мақсаты — халықтың репродуктивтік денсаулық, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың, адам папиллома вирусының профилактикасы мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыру болды.
Бес күн бойы еліміздің барлық өңірлеріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары мен Жастар денсаулығы орталықтарында Ашық есік күндері өтті. Репродуктивтік жастағы ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер мен жастар консультациялық және ақпараттық қолдау алды.
Бес күн бойы отбасын жоспарлау, әйелдердің денсаулығы, ерлердің денсаулығы, жастар және ЖЖБИ, АПВ профилактикасы сияқты жеке тақырыптарға арналды.
Аптаның негізгі қорытындыларын шығара отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің желісі бойынша республика көлемінде 14 350 іс-шара өткізілгенін атап өткен жөн. Жалпы жоба 358 498 қазақстандықты қамтыды, олардың ішінде 83 389 ер адам, 157 476 әйел және 117 633 жасөспірім бар.
Гинекологтар, урологтар, инфекционистер және басқа да мамандардың қатысуымен 3 636 ағартушылық кездесу мен дәріс өтті.
БАҚ-та 238 сараптамалық пікір, сұхбат пен баяндама жарияланды.
Халықтың ең белсенді қатысуы мен қызығушылығы Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстарында байқалды.
Кампания барысында жасөспірімдерге ерекше назар аударылды: 117 мыңнан астам бала денсаулық пен аурулардың профилактикасы туралы сенімді ақпаратқа қол жеткізді. Дәрігерлер мен мамандар мектептер мен колледждерде ғана емес, цифрлық ортада - әлеуметтік желілер мен телеарналар арқылы да жұмыс жүргізді.
«Репродуктивтік денсаулық мәдениетін және профилактикалық медицинаны дамыту — болашақ ұрпақтың денсаулығына қосқан ең маңызды үлес. Барлық өңірлерге, медицина қызметкерлеріне, әріптестер мен БАҚ-қа белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Репродуктивтік денсаулық апталығы — мемлекет, денсаулық сақтау жүйесі мен қоғамның күшін біріктіретін жыл сайынғы бастамаға айналады», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.