
Фото: Ашық дереккөз
Өңірлер арасында демалыс орындарының саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр — мұнда 32 саябақ тіркелген. Одан кейін Шымкент қаласы — 29 саябақпен, ал Қарағанды облысында — 28 демалыс орны бар.
Саябақтарға келушілер саны 2024 жылы 15,5 миллион адамға жеткен. Көбіне елорда тұрғындары мен қонақтары демалыс саябақтарына барған. Астанада 3,2 млн адам тіркелсе, Шымкентте — 2,7 млн, Алматыда — 2,5 млн адам.
Меншік құрылымы бойынша саябақтардың 69,3%-ы жеке тұлғаларға тиесілі болса, 29%-ы мемлекеттік, ал 1,5%-ы шетелдік меншік иелеріне қарайды.
Демалыс орындарының 131-і ашық аспан астында орналасқан, ал 120-сы ғимарат ішінде қызмет көрсетеді. Ауылдық жерлерде 51 саябақ жұмыс істейді, бұл жалпы көрсеткіштің 19,1%-ын құрайды.
Сондай-ақ, елдегі демалыс орындарында жалпы саны 3 923 аттракцион мен ойын автоматы тіркелген.