
Еске сала кетейік, 24 шілде күні шекара аумағында жағдай ушығып, Камбоджа тарапынан Таиландтың бейбіт тұрғындары тұратын аймақтарға соққы жасалған. Таиланд мұны жауапсыз қалдырмай, әуе күштері арқылы қарсы шабуыл жасап, Камбоджа аумағындағы әскери нысандарды атқылады.
Қақтығыс салдарынан екі елде де адам шығыны мен жарақат алғандар тіркелді. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған.
Дегенмен, тараптардың атысты дереу тоқтатып, бейбіт келіссөздерге бет бұруы – аймақтағы тұрақтылыққа деген үмітті оятты. Қазіргі таңда келісім сақталып тұр, әрі қос тарап мәселені диалог арқылы шешуге бейілді екенін білдірді.