Таным • Бүгін, 08:40

Әулие аяны

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасиетті перзенттің дүниеге келуін ең әуелі рухани әлемнің елшілері жеткізеді. Өмірге енетін баланың тегін адам болмайтынын илһам-ишарамен ұқтырады. Сондай оқиға Құнанбай шаңырағында да болған.

Әулие аяны

Ел ішіндегі Ешен әулие Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесіне зиярат етіп, Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаның басына түнеген-ді. Сол жерде жатып түс көреді. Қайтқан соң түсін Құнанбай биге айтып береді: «Жидебайда аспанды тіреген ғажап заңғар шың орнапты, жо­­ға­­­рыда Құнанбай, одан төмен Ұлжан екеуіңізді көрдім. Сіз түрегеп тұрсыз, ал отырған Ұлжанның етегі шыңнан асып, Шыңғыстауды орап алған. Шыңның ұшар басына қарап едім, сіздің артыңыздан басы асқан бір жігітті аңдадым», деп айтады. Сонда Құнанбай: «Ендігі перзентімнің атын Ибраһим қоямын», дейді де, Ешен әулиеге үш құлынды бие, бір ат берген екен.