Таным • Бүгін, 08:50

Естелік баяны

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақынның әдеби мұрасын толық зерттеу үшін оның шығармашылық зертханасымен таныс болған жөн. Яғни «қаламгер жазу үстеліне қан­­­дай көңіл күймен отырды?», «туын­­дыны қаншалық уақытта жазып шықты?» деген сұрақтар мәтіннің мәніне терең бойлауға көмектеседі.

Естелік баяны

Ал хакім Абайдың шығар­­машылық зертханасы туралы баласы Турағұл былай деп жазады: «Таңертеңнен кешке дейін көбіне орыстың кітабын оқиды да, ара-тұра жастықты бауырына басып, алдында ақ қағазы, қолында қарындашы, күңіреніп отырып өлең жазып тастайды. Өңі қашыңқырап, азырақ ентіккен кісідей танауы кебіңкіреп, көзі жасаураңқырап, естір-естіместей күңірегеннің ішінде күбірлеңкіреп, көп жазып кеп кеткенде, көп тоқтала ойлана бермейді де, қайта сызып түзетпейді де, өлеңнің тығыны суы­рылып кеткенге ұқсайды», дейді хакімнің ұлы.