Аймақтар • Кеше

Әлеуметтік жағдайға алаңдайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Жезқазғанда олар теміржол вокзалын қайта жаңғырту жобасымен танысты.

Әлеуметтік жағдайға алаңдайды

Сурет: senate.parlam.kz

«Жезқазған вокзалы – өңірдің дамуы үшін страте­гиялық маңызы бар нысан. Заманауи талап­тарға сай жаң­ғыр­тылған нысан алдымен тұр­ғындарға қолайлы болуы керек. Сондықтан басты назарда жолаушылардың қауіпсіздігі болуға тиіс», деді С.Шайдаров.

Сонымен қатар сенаторлар Жезқазған-Қызылорда авто­жолының учаскелерін қарап, сапаны бақылауды күшейту және жұмыс мерзімінде аяқталуын еске салды.

«Автожолдардың сапасы ха­лық­тың күнделікті өмі­рі­не тікелей әсер етеді. Бар­лық кезең­де стандарттар мен нор­­ма­лар­дың сақталуы аса ма­ңызды, өйт­кені бұл тек жү­ріп-тұрудың қолай­лылы­ғы­на емес, адамдардың қауіп­сіздігіне де қатысты. Сенімді жолдар бизнестің де жаңа мүм­кіндіктерін ашып, тұрғын­дардың мобильдігін арттырады әрі өңірлердің дамуына серпін береді», деді С.Медебаев.

Ал Мыңбұлақ ауылында парламентшілер жергілікті тұр­ғын­дармен кездесті. Жергілікті халық жолдардың жағдайы, ауыз­су­мен қамтамасыз ету, меди­ци­налық қызмет көрсету және жұмыспен қамту мәселе­лері­не алаңдаулы.

Осы орайда сенаторлар білім беру және әлеуметтік нысандарды жаңғырту, көлік инфра­құрылымын дамыту және қауіп­сіздікті қамтамасыз ету өңірде халықтың өмір сапасын артты­рудың негізгі факторлары екенін, алдымен осы бағыттағы жұмыстар атқарылуға тиіс екенін айтты. Сапар барысында айтылған ұсы­ныстар мен ескертулер тиісті мем­лекеттік органдарға жолданады.