
Бұл жөнінде Медеу ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылық, буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында өткен кездесуде айтылды.
- Мектептерде профилактикалық түсіндіру жұмыстары күшейтілді, құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері бірлесіп, қауіп-қатерге бейім балалармен жеке жұмыс істеуде. Бұл – жеткіншектерді жағымсыз ортадан қорғаудың маңызды тетігі. Оларға суицидке, буллингке, есірткіге қарсы төтеп беру жолдарын жеткізу біздің міндетіміз, - дейді Медеу ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.
Кездесуде құзырлы орган мамандары оқушылардың құқықтық сауатын арттыратын мағлұмат беріп, қауіпсіздікке бейқам қарамауға шақырды.