Кездесу барысында Эстонияның дәстүрлі халық өнеріне арналған Эстониялық қолғаптар көрмесін ұйымдастыру мәселесі де қозғалды. Бұл көрме еліміздің Ұлттық музейінде өтеді. Сондай-ақ Ұлттық академиялық кітапханада арнайы Эстония кітаптары бұрышының ашылуы да сөз етілді. Бұл бастама мәдени байланыстарды дамытуға және шетел әдебиетін насихаттауға бағытталған.
«Мәдениет пен өнер – халықтың рухы мен болмысын танытатын маңызды сала. Мәдениетте шекара жоқ, ол елдер мен халықтарды жақындастырып, өзара түсіністікті арттырады. Біз Эстониямен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға мүдделіміз. Өз тарапымнан тәжірибе алмасу, көрмелер, гастрольдер, шығармашылық жобалар немесе академиялық бағдарламалар – кез келген ортақ бастаманы жан-жақты қолдауға дайынмын», деді
А.Балаева.
Отырыста тараптар театрлар, баспалар, галереялар мен киноорталықтар арасындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Ортақ көрмелер мен қойылымдар ұйымдастыру, әдеби шығармаларды аудару, сондай-ақ суретшілер, жазушылар мен режиссерлер арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі де қарастырылды.
Жиын барысында эстондық тарап министрліктің құзыретіне кіретін бірқатар сұраққа жауап алды. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.