Ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов алдағы екі матчқа мына футболшыларды шақыртты:
Қақпашылар – Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұкан Төлепберген («Оқжетпес»).
Қорғаушылар – Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров, Талғат Кусяпов («Ақтөбе»), Ян Вороговский, («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»).
Жартылай қорғаушылар – Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Рамазан Оразов, Жан Әли Пайруз, Алмас Төлебай, Ғалымжан Кенжебек («Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Мұроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).
Шабуылшылар – Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Элхан Астанов («Ордабасы»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай») және Рамазан Кәрімов («Астана»).
Қазақстан мен Бельгия арасындағы ойын «Астана Арена» стадионында, 15 қараша күні сағат 19:00-де басталады.
Ал 18 қарашада жерлестеріміз Хорватияда Фаррер аралдары құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.