Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Министрліктің мәліметінше, отырыста тараптар 2025 жылғы вегетация кезеңінің қорытындыларын талқылады. Сондай-ақ 2025-2026 жылдардағы вегетацияаралық кезеңге арналған Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамдық жұмыс кестесі бекітілді. Осы кестеге сәйкес Шардара су қоймасына келетін болжамды су көлемі келісілді. Бұдан бөлек, тараптар Аралды құтқару халықаралық қорының негізін қалаушы мемлекеттер басшыларының саммиттерінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді. Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі, 92-отырысы келесі жылы Тәжікстанда өтеді.
Еліміздің су ведомствосы басшысы Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, өткен суару маусымы күрделі климаттық жағдайда өтті.
«Алайда МСШҮК құрамындағы мемлекеттердің өзара үйлесімді әрекеттесуі вегетация кезеңін тұрақты өткізуге мүмкіндік берді. Осындай кездесулер арқылы ортақ келісімдер жасалып, алдағы ынтымақтастықтың негізі қаланады. Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірге трансшекаралық су ресурстарын барлық тараптың мүддесін ескере отырып, әділ бөлуге ниеттіміз», деді Н.Нұржігітов.