Саясат • 16 Желтоқсан, 2025

Президентке ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, деп жазады Egemen.kz.

Президентке ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті

Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.

Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.

Соңғы жаңалықтар