Үкімет • 18 Желтоқсан, 2025

Қазақстанда сирек металдарды барлаудың жаңа стандарты енгізіледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет еліміздегі геологиялық зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында резервтен 240 млн теңге бөлді. Бұл қаражат 1:50 000 масштабындағы егжей-тегжейлі геологиялық зерделеуге көшу үшін қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда сирек металдарды барлаудың жаңа стандарты енгізіледі

Фото: istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан қорытынды баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, жаңа тәсіл болашағы зор кен орындарын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жоспар бойынша, 2026-2028 жылдар аралығында 100 мың шаршы шақырым аумақты егжей-тегжейлі зерттеу көзделген.
«Жұмыстар Ұлттық геологиялық қызмет пен жетекші институттардың қатысуымен аэрогеофизикалық технологияларды қолдана отырып консорциум аясында орындалатын болады. Бұл Президент қойған міндеттерге сәйкес геологиялық барлаудың тиімділігін арттырады», деді Иран Шархан.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35