Жәдігер • Бүгін, 09:10

Музей төріндегі тоқыма портрет

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы геологиялық музейге кірсеңіз, экспозиция за­лының төріне ілінген әйгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаев­тың түкті кілемше тү­рінде тоқылған портретін көресіз. Хас шебердің қолынан шыққан өнер туын­дысын осыдан ширек ғасыр бұрын Қ.Сәтбаев атындағы геология ғы­лымдары институтының өкілдері тарту еткен.

Музей төріндегі тоқыма портрет

Музей меңгерушісі Вера Едігенова өңірдің кен игеру дәуірінің бастауында академик Қаныш Сәтбаев тұрғанын айтады.

«1945 жылы Қаныш Имантай­ұлының бастамасымен Торғай үстіртінде ауқымды іздестіру, барлау жұмыстары қолға алынады. Сонымен бірге Қостанай облысындағы Аят темір кен орнына барлау жұмысы басталды. Сол жылдары Аят кен орнын зерттеу жөнінде ерекше үкіметтік комиссия құрылады. Қаныш Сәтбаев аталған комиссияның белсенді мүшесі болды. Осы жылдары жүргізілген геологиялық барлау, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Аят, Лисаков оолит кен орындары, темір қорына бай Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкөл тәрізді көптеген магнетитті кен орындары ашылды. Бұл кен орындарының негізінде көптеген кеніш, кен байыту кәсіпорны салынды. Соның бірі – қазір Рудный қаласында жұмыс істеп тұрған Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты», дейді музей меңгерушісі.

Вера Едігенованың айтуынша, кезінде ғалымның жетекшілігімен Торғай үстірті қойнауындағы қоңыр көмір, боксит, асбест, түрлі түсті, сирек кездесетін бағалы металға бай қазба байлық орындарына барлау жұмыстары жүргізілген.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:05