22 Шілде, 2010

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ОҢ ҚАДАМЫ

486 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” ХДП Ақтөбе об­лыс­тық филиалы ғимаратында екі күн бойы “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасын жүзеге асырудың бірыңғай қабылдау күні өткізілді. Оған облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова, Ақтөбе қаласы әкі­мі­нің орынбасары Абай Байжо­мар­тов, “Даму” қоры АФ директоры Же­делбай Мурзағалеев, облыстық экономика және жоспарлау басқар­масының бастығы Қуантқан Әлімов, облыстық өнеркәсіп және кәсіп­керлік басқармасының бастығы Марат Балмұқанов және екінші дең­гейдегі банктер бас­шылары, кәсіпкерлер, депутаттар қатысты. Бірыңғай қабылдау күнінің ашылу рәсімінде сөз алған “Нұр Отан” ХДП Ақтөбе облыстық фи­лиа­лының төрағасы Балғали Орда­баев акцияның мақсатына тоқ­тал­ды. Екі күн бойы шағын және орта бизнес өкілдерін қа­былдау жос­пар­ланғанын ескерте келіп, осы мер­зімде кәсіпкер­лік­ті дамытуға бай­ланысты тол­ғақты мәселелерді ортақ ойла­сып шешудің мүмкіндігі ту­ғызылып отырғанына баса назар аударды. Облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова “Бизнестің жол кар­та­сы-2020” бағдарламасының өңір­дегі жүзеге асырылу бары­сынан ха­бар­дар етті, осы мақсатқа бөлінген қар­жының игерілу жайы­мен та­ныстырды. Оның мәлім­деуінше, бағ­дарлама шеңберінде облыс әкім­дігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігі арасында 629,7 млн. теңге сома­сында мақсатты трансферттер бөлу туралы келісімге қол қойылыпты. Оның ішінде 197,9 млн. теңге пайыз ставкаларын суб­си­диялауға, 140,8 млн. теңге несие­лерді кепіл­дендіруге, 25,0 млн. теңге сервистік қызметтерге, 50,0 млн. теңге экспортқа бағытталған өнді­ріс­ті қолдауға және басқа кәсіпкерлік шаруаларға қарастырылған көрінеді. Бүгінгі таңда мемлекеттен қолдау көру үшін кәсіпкерлерден облыс әкім­дігі мен екінші деңгейдегі банктерге 788.9 млн. теңгеге өтініш түскен. “Нұр Отан”ХДП Ақтөбе об­лыстық филиалының “Бинестің жол картасы-2020” бағдарламасы бой­ын­ша өткізген бірыңғай қабылдауына екі күнде отыз адам өздерін тол­ғант­қан сауалдарымен келіп, олардың екеуінің кәсіп­кер­лікті дамытуға бай­ланысты мәсе­лелері нақты шешімін тапты. Қабылдауға келушілердің бір­қатарына бизнеспен айна­лысудың заңдылықтары туралы толық түсінік берілді. Мысалы, өзіне тиесілі нау­бай­хананы кеңейтіп, торт өнімдерін шы­ғаратын өн­діріс­тік желі алуға несие сұраған “Бихамбетов” жеке кә­сіпкерлігіне бизнес-жоспар жаса­лып, оған қажетті қаржы 3 млрд. тең­ге екені анықталды. Оған 12 пайызбен несие бері­летін болды. Оның 7 пайызын кәсіпкер өзі тө­лейді, ал қалған 5 пайызы мемлекет есебінен жабылатын болады.Өз өнімдерін Ресейге экспортқа шығаруға талаптанып жатқан “Бал-Юн” ЖШС-нің бастамасы да “Биз­нестің жол картасы-2020” бағ­дар­ламасымен қуатталды. Осындай оң шешімін тапқан мә­се­лелер кәсіп­кер­лерді жаңа істерге құлшын­ды­рып, өз бизнестерін дамытуға сенімдерін нығайта түсті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.