Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024
Қайрат Сарыбай: Азия кеңесін трансформациялау әлемдік ахуалдан туындады
Еліміз биыл бірнеше халықаралық ұйымға төрағалық етті. Соның бірі – Азия кеңесі. Негізі аталған кеңес Қазақстанның бастамасымен құрылды. Осы себепті ұйымның алғашқы төрағасы болды. Бұдан кейін төрағалық Түркияға, Қытайға, Тәжікстанға өтті. 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан кеңес төрағалығын екі жылға қабылдап, кейін мерзім тағы екі жылға ұзартылды. Басшылық жылдары көптеген маңызды іс тындырылды. Осы орайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай мырзамен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысына сенім жоғары
Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары әлеуметтік, ішкі саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы жылдың негізгі оқиғаларына талдамалық шолу жасады. Олардың айтуынша, ел тұрғындарының Президентке деген сенімі күшейген.
Парламент • 20 Желтоқсан, 2024
Есірткі саудасына қарсы заң мақұлданды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату, сондай-ақ Парламент Сенаты тағайындаған Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттігін тоқтату және қызметінен босату туралы мәселелерді қарады. Бұған қоса сенаторлар бірқатар заңды қарап, мақұлдады.
Мәселе • 19 Желтоқсан, 2024
Мигранттар мәселесі шешімін күтеді
Жуырда Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) мигранттарға байланысты 12-баяндамасын шығарды. Бұл құжатта әлемнің қай елінде мигранттар көп, қайсысында аз, қай елдерден келгені, үйлеріне қанша ақша жіберетіні, т.б. көптеген қызықты дерек қамтылған. Қазір дүние жүзінде шамамен 281 миллион мигрант бар.
Пікір • 10 Желтоқсан, 2024
Батыстың дамыған ел болуы білім, мәдениет, құндылықтарды сақтау, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, мейірімділік секілді мінез-құлық, әдеп-әдеттің оң әсерінен екені белгілі. Бірақ елдің өркендеуі мен халықтың жақсы тұрмысы ең алдымен олардың үнемшілдік мәдениетінде жатыр.
Үкімет • 06 Желтоқсан, 2024
Республикалық бюджетті нақтылау туралы заң мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда депутаттар «2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қарап, мақұлдады.
Қоғам • 19 Қараша, 2024
Әйелдердің рөлі қаншалықты күшейді?
Дүниежүзілік Экономикалық форумның «Global Gender Gap Report 2024» (Жаһандық гендерлік алшақтық индексі) бойынша еліміз гендерлік теңдік мәселесінде Орталық Азияда көш бастап тұр. БҰҰ сарапшылары халықаралық рейтингтерде Қазақстанның гендерлік көрсеткіштері 2020 жылдан бастап жақсарғанын айтады.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Халықтың өмір сүру сапасы мен табыс деңгейі сәйкесе ме?
БҰҰ зерттеуінде тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі кедейлік көрсеткіші айтарлықтай төмендегені көрсетілді. Алайда ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткішімен есептегенде, Қазақстанда еңбек табысының үлесі төмен.
Әлем • 13 Қараша, 2024
Жапонияның Премьер-министрі сайланды
Жапонияның Либерал-демократиялық партиясының (ЛДП) басшысы Сигеру Исиба елдің премьер-министрі болып қайта сайланды. Ол дүйсенбіде өткен Парламенттің төменгі палатасында дауыс берудің екінші турының қорытындысында жеңіске жетті.
Әлем • 05 Қараша, 2024
Бүгін АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Америкалықтар президенттен бөлек, Өкілдер палатасының барлық құрамына, Сенаттың үштен біріне дауыс береді. Сайлауалды жарыста кім көш бастап тұр? Өкілдер палатасы мен Сенатта қай партия үстемдік орнатады? Сайлау нәтижелері қашан жарияланады?