Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
94 материал табылды

Қоғам • 22 Шілде, 2025

Тастан тамыр іздеген

Таңбалы тасқа қашалған мың­жылдық тарихымыз терең­нен тіл қатады. Онда бабала­рымыздың асыл мұраты, мұқалмас ерлігі, ғибратты ғұмы­ры бар. Сол шежірелі өт­ке­н­ге жан бітірген сирек ғалым­ның бірі – Қаржаубай Сартқожаұлы.

Өнер • 17 Шілде, 2025

Бард ақын болмысы

Бейқам Алматы көшелері, гүлзар бақтар, самалалы кеш, жалт-жұлт еткен жа­рықтар. Ұйқылы-ояу мимырт кешті қақ тіліп, шағын орталардың ішінен әрі рухты, әрі мұңлы қоңыр дауыс естілетін. Ол – біздің жастық өмірі­міздің жалауындай, бейкүнә көңілде еріген Табылды Досымов әуендері болатын.

Мәдениет • 21 Маусым, 2025

Мәдениет

«Әлемдік мәдениет» ұғымы жоқ. Болмайды да. Мәдениет жекелеген елдерге, халықтарға ортақ.

Мәдениет • 20 Маусым, 2025

Қоңыр бояу, кең тыныс

Бой-бой бұлттар кең жазықты бетке алып маңып барады. Аспан мен жер астасқан байтақ дала төсінде қыр құрсағын жарып кең өзен ағады. Бетінде ұбақ-шұбақ шулаған аққу-қаздар. Сол өзеннің бойында көкке қарап, кеңістік суретін сіміріп сезімтал жас бала тұр... Міне, мұның бәрі – «Япурай» әнінен көңілге келген суреттер, алуан сезімдер.

Қоғам • 11 Маусым, 2025

Қайырымдылық мерекесі

Құрбан айт кезінде елімізде қайырымдылық жасау, мұқтаждарға қол­ұшын беру ісі жыл сайын өрістеп келеді. Мұсылман мерекесі ұлттық жадымызда жаңғырып, кешірім мен қайырымдылық мерекесіне айналып отыр.

Таным • 10 Маусым, 2025

Талап

«Тағдырдың адамға берген жалғыз сыйы – талап» депті бір философ. Расында, талапты кім береді? Неге барлық адам өзін тануға талапты емес?

Сұхбат • 06 Маусым, 2025

Иран-Ғайып, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Қазақтар көп болса екен жер бетінде...

Елімізге белгілі ақын Иран-Ғайып шығармашылығы көбімізге таныс әрі жақын. Айбарлы ағамыз соншалық мейірбан, ақеділ жүрек деп ойламаған едік. Мұны өзімен жолыққанда аңғардық. Жақсы көріп, жанына еріп, талай-талай естелік тыңдадық.Бүгін де ақынның үні асқақ, көңілі жарқын. Кәтепті қара нардай тұлғамен ә дегеннен әңгімеміз жарасып сала берді.

Мың бір мысал • 04 Маусым, 2025

Сен кімсің?

Әлем сұраққа толы. Сол сұрақ­тардардың жауабын шешуге ұмтылғанда ғана адам өзіне ұнай бастайды. Рухы марқаяды.

Таным • 29 Мамыр, 2025

Кеше мен бүгін

Қазіргі заманның көп адамы өткеніне өкініп, бүгінін жоғалтады екен. Ал психологтер «өткенді қабылдап һәм сабақ алып, өзің көргің келетін болашақты бүгіннен баста» деп ақыл айтады. Болашақты уайымдап, өткенді қимай қазіргі ойын талқандайтын адам, кешегі өмірімен қалып қоймақ. Өйткені әлдебір философ айтқандай, «егер бүгін өзіңді жетілдірмесең, сен кешегі күннің адамысың».

Мың бір мысал • 28 Мамыр, 2025

Ләйлі

Шығыстың классикалық поэзиясында мәнін ішіне тартқан жұмбақ ұғымдар мол. Атап айтсақ, «гүл мен көбелек», «жар», «бұлбұл» және көптеп кезігетін «Ләйлі» есімі.