Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
670 материал табылды

Ғылым • 29 Сәуір, 2022

Ғылыми ақпарат тарататын сайт

Елімізде отандық ғылымның насихатталуына мүдделі жан­дар­дың бастамасымен жаңа сайт ашылды. Әлеуметтік же­лідегі қарапайым ғылыми топтан бастау алған жоба көп­ші­лік оқырманға арналған. Жаңа сайт gylym.kz деп аталады.

Ғылым • 29 Сәуір, 2022

Майя Миталипова: Ғылымда шекара жоқ

Әлемнің қай бұрышында тұрып, қандай зерттеу жүргізіп жүрсе де отандық ғылымның мәртебесін көтеріп жүрген жандар жетерлік. Оған қазақстандық білімнің ешбір елден кем емес екенін дәлелдеген шетелдердегі ғалымдарға қарап көз жеткізіп келеміз. Солардың бірі – биология ғылымдарының PhD докторы Мая МИТАЛИПОВА. Алматы облысының тумасы қазір атақты МІТ-дегі (Massachusetts Institute of Technology) зертхананы басқарып отыр. Біз ғалыммен бейне-байланыс арқылы әңгімелескен едік, оқырмандарға ғылыми әңгімені ұсынамыз.

Білім • 27 Сәуір, 2022

Университет вымпелі ғарышта болды

Ш.Уәлиханов атын­дағы Көк­шетау универ­ситетінің вымпелі Ха­лықаралық ғарыш стан­сасына жібе­рілді. Бұл іс-шара жоғары оқу ор­ны­ның 60 жылдық ме­рей­­тойына орай ұйым­дасты­рылған.

Білім • 21 Сәуір, 2022

Еуроодақтың проблемасын елордалық студенттер талқылады

Елордалық ЖОО студенттері Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен өткізілген іскерлік ойынға қатысты. Студенттердің әрқайсысы белгілі бір экологиялық проблема бойынша түрлі мемлекеттің ұстанымын көрсетті.

Білім • 21 Сәуір, 2022

Грант саны тағы артты

Жоғары оқу орындарында білім алуға берілетін мемлекеттік грант саны тағы да артты. Былтыр 51 мыңнан 56 мыңға көбейген еді. Биыл бұл көрсеткіш 73 мыңға жетпек.

Білім • 15 Сәуір, 2022

Наурыздағы тестілеуге 99 талапкер кіргізілмеді

Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 105 мыңға жуық адам қатысқан. Олардың ішінде түлектердің 78,2%-ы қазақ тілінде, 21,7%-ы орыс тілінде, 0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. 72 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Ғылым • 15 Сәуір, 2022

NASA-ның білім грантын жеңіп алды

Қазақстандық оқушы атақты NASA-ның білім грантын жеңіп алды. Қағілез қыз Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде оқиды.

Білім • 15 Сәуір, 2022

Жаңа үйірме ашылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде елордалық оқушыларға Радио­элек­тро­ника үйірмесі ашылды. Оқыту бағдарламасы теориялық және тәжірибелік сабақ­тардан тұрады. Мұнда қосымша білім алушыларды құрал-жабдықтарды құрастыра білуге баулиды. Осы арқылы олардың техникалық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту көзделген.

Ғылым • 13 Сәуір, 2022

Мемлекет қаражаты ақталуымен құнды

Ғылым саласын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артты. Отан­дық вакцина әзірленіп, 50-ден аса ірі бағдарламалық ғылыми жоба іске асы­рылып жатыр. Осы және өзге де оң өзгерістер мен нәтижелер туралы Орталық коммуникациялар қыз­метінде өткен брифингте айтылды.

Ғылым • 12 Сәуір, 2022

Ғылымның жаққан шырағын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа былтырғы Жолдауында «Ғылым саласын дамыту – біздің маңызды басымдығымыз» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ ел Президенті отандық ғылымды ілге­рілетуге бағытталған нақты тапсырма­лар берді. Соның нәтижесінде іргел­і ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржы­ландырылып, ал бұрын грантпен ғана күн көріп келген 2 500-ге жуық ғалым енді тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы алатын болды. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Ұлт­тық ғылыми кеңес шешімдерінің апелляция институты енгізілді. Ғылым саласындағы өзекті мәселелерді бас басылым ұдайы назарда ұстап келеді. Сәй­кесінше, тиісті ведомстволар тарапынан көтерілген мәселелерге назар аударылып, дер кезінде шешімін таба бастады. Осындай оң өзгерістердің басы-қа­­сын­да ғылымға жанашыр ғалым­дар­­дың өздері жүр. Бұл – айқын да анық дүние. Абай «Ғылым таппай мақ­танба!» деп өсиет етті. Egemen Qazaqstan газетінде ғылымға арнал­ған ма­қалалар топтамасы жиі ұйым­дас­ты­­рылады. Бұл айдарлар аясында ілім із­деген, ғылым тапқан, алайда көп та­нылмаған отандық ғалым­дарды қоғамға үлгі етуде. Тоқса­нын­шы жылдардағы тоқырау кезеңін­де тұра­лап қалған ғылым саласы қазір қар­қын алып келеді. Оған қа­зақ­стан­дық ізденушілердің ғылыми, өнер­­та­­быс жаңалықтары мен халық­ара­лық рейтингтегі беделіне қарап көз жеткізуге болады.