Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Шілде, 2025
Болашақ жұмысшы мамандарының басқосуы
Жұмысшы мамандықтары жылының жартыжылдық жұмысы қорытындыланды. Осыған орай Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған республикалық слет өтті. Ауқымды іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және басқа да ресми тұлғалар, колледждердің қызметкерлері мен 100-ден аса білім алушы қатысты.
Білім • 18 Шілде, 2025
Елімізде міндетті білім сатысына жатпаса да қоғамда үлкен маңызға ие сала бар, бұл – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Мұның мәні де сол – баланы ерте дамытуда, мектепте әке-шешесінің я басқа да ересек адамның көмегінсіз оқи алатын жағдайға жеткізуінде, ата-анасының табыс табумен айналысуына мүмкіндік туатынында болып тұр. Соның себебінен де шығар, бірнеше жылдан бері республика бойынша балаларды, соның ішінде 2-6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту күн тәртібінен түспей келеді. Орын тапшылығы кезінде жемқорлықтың қатар жүретіні тағы бар. Жақында Үкімет осы екі түйткілдің түйінін тарқату мақсатында қолға алған жүйе бірқатар өңірде емес, барлық ел көлемінде енгізілетінін хабарлады. Бұдан не ұтамыз, жаңа жүйенің берері қайсы, тиімділігі қандай, кемшілігі неде, үңіліп көрелік.
Білім • 16 Шілде, 2025
Өткен аптада негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тәмамдалды. Қорытынды қалай? Негізгі тестілеудің маңызы сол, талапкерлер осының нәтижесімен грант конкурсында бақ сынай алады. Ал байқау қашан?
Білім • 11 Шілде, 2025
Докторантураға құжат қабылдайды
Кешеден, яғни 3 шілдеден докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш қабылдау басталды. Бұл алдағы 3 тамызға дейін жалғасады. Емтихан 4–20 тамыз аралығында өтеді.
Сұхбат • 11 Шілде, 2025
Жақсылық ДОСҚАЛИЕВ, профессор: Адам өзінің ары алдында таза болуға тиіс
Ол кісінің аты аталғанда ең алдымен ойға оралғаны – жан мен тәннің «инженері» деген теңеу. Десе де сұхбаттан соң оның екінші аты адалдық па дедік. Бұрыннан білетіндер кәсібіне берілген жанкешті жан екенін айтады. Ал қилы-қилы хикаялары мен содан аман алып шыққан қаһарманына жұрттың ағынан ақтарылған алғысхаттарын оқығанда еріксіз бүгінгінің батыры дерсіз. Иә, әркім кейіпкерді өзінше таныр, бірақ біз көпке белгілі адамның белгісіз қырын ашқымыз келді, соның ішінде оның ғалымдығы өз алдына бір төбе екенін біреу білсе, біреу білмес.
Ғылым • 03 Шілде, 2025
Елімізде ауызсу мәселесі өзекті. Кейінгі жылдары бұл үлкен мінберлерден де айтылып, нәтижесінде, салалық министрлік пен арнайы университет те ашылды. Түптеп келгенде, әр түйткілдің түйіні – ғылымда. Осы орайда отандық ғалымдар таза сумен қамту жағдайын жақсартуға қандай қадамдар жасап жүр?
Өндіріс • 19 Маусым, 2025
Отандық ғалымдар балқытылған күкіртті құнды өнімге айналдырмақ. Осыған қажетті технологияны олар АҚШ-тың Аризона университетінің зерттеушілерімен бірлесіп әзірледі.
Білім • 18 Маусым, 2025
Оқушылар тағатсыздана күткен каникулына жеткеніне де біршама уақыт болып қалды. Балалар үшін демалыстың қауіпсіз, пайдалы әрі қызық өтуі ерекше маңызды. Елімізде жазғы лагерьлер маусымы басталды. Бұл жұмыс қалай ұйымдастырылды, талапқа сай іске асып жатыр ма, жас өрендер жанына азық болар дүние алатындай сапалы ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Білім • 14 Маусым, 2025
Қазір білім аламын деген адамға шекара да, шектеу де жоқ. Үйде отырып-ақ, елден шықпай-ақ әлемге әйгілі жоғары оқу орындарының курстарынан өтіп, сертификат иеленіп, тіпті диплом алуға болады. Бұған ашық университеттер жобасы мен онлайн білім бағытының қалыптасып, дами түскені ықпал етті.
Білім • 13 Маусым, 2025
Магистратураға құжат қабылдайды
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының «App.testcenter.kz» сайтында алдағы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.