Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
670 материал табылды

Білім • 03 Тамыз, 2020

Экология пәнін енгізуге әзірміз бе?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Каспий теңізі жағалауында итбалыққа тас лақтырған балаларды мысалға келтіріп, орта білім бағдарламасына өскелең ұрпаққа экологиялық білім беретін жаңа пән енгізуді тапсырды. Жаңа пән жаңа оқу жылында енгізіле ме? Оқулық дайын ба? Бұл пәннен кім, қандай мұғалім сабақ береді?

Медицина • 30 Шілде, 2020

КТ-ның кілтін тапқан

Дамуды көздейтін адам да, мемлекет те сыннан сабақ алуға талпынады. Әлемді жаулаған пандемия елімізде өршіген сайы­н медицина ғылымын дамытуға лайықты көңіл бөлмегеніміз көріне бастады. Әлдебір зерттеусіз нақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. «Медицина ғылымын дамытуға не кедергі?» атты мақаламызда медицина ғылымы дамымаса, медицинаның дамымайтынын жазғанбыз. Осы жолы сол тұжырымымыздың дұрыстығына тағы бір мәрте көзімізді жеткізген, медицинада ғылым жасай жүріп отандық медицинаны дамытуға атсалысып келе жатқан, еліміздегі сирек мамандық иесімен таныстыруды жөн көрдік.

Білім • 29 Шілде, 2020

Бірінші сыныпқа баратын балалар қалай оқиды?

Жақында ғана мектеп табалдырығын аттайтын балдырғандардың «Әліппемен» қайта қауышатынын жазып, сүйіншілеген едік. Бірақ сол сәтте көңілде алаң басым болды. Себебі биыл 1-сыныпқа баратын балалардың біразы «бар ғылымға бас болған» оқулықпен қауышса да, мектеп табалдырығын аттамауы мүмкін. Бұған да пандемия себеп болып отыр. Ал өзі әріп танымайтын бала басқа оқулықтарды былай қойғанда, «әліппені» қашықтан қалай оқиды? Осы бір көкейкесті сұрақ ата-анаға да, биыл 1-сыныпты қабылдайтын бастауыш сынып мұғалімдеріне де уайым болып тұр.

Экология • 28 Шілде, 2020

Экологиялық сауатты ұрпақ өсіруіміз керек

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен экологиялық білім жөнінде дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру мәселелері талқыланған жиынға сала мамандары, зерттеуші ғалымдар, сарапшылар мен журналистер қатысты.

Білім • 23 Шілде, 2020

Балдырғандар «Әліппемен» қайта қауышады

Ғылымның анасына айнал­ған «Әліппе» 105 жыл­­­дан кейін, яғни 2016 жыл­­­дан бастап мектеп та­­бал­дырығын аттайтын оқу­шы­ларға оқытыл­майтын болып, оның орнына «Сауат ашу» оқулығы ен­гі­зілген еді. Бұл шешім қоғам арасында үлкен дау тудырды.

Коронавирус • 20 Шілде, 2020

COVID-19: тесттің өзін тексеру керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке коронавирус пен өкпе қабынуының статистикасын бірізден­діруді міндеттеп, бұл пандемияның таралу көлемін нақты көруге мүм­кіндік бере­тінін айтты. Осы орайда Денсаулық сақ­тау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бас­тап жаңа статис­тика жүргізілетінін атап өтті. Енді ПТР-тест арқылы КВИ анық­тал­ма­ған, бірақ сол індеттің симп­том­дары байқалатын пневмониямен ауыр­ғандар Covid-19 есебіне қосылады.

Білім • 15 Шілде, 2020

Бұл қабылдау бұрынғыдан өзгерек

Көпшілік демалысқа шыққан жаз айларында құжат тапсыру мен қабылдау қыза түседі. Бірі 1-сыныпқа баласын беру үшін жанталасса, екіншісі жоғары оқу орнына түсуге талпынады. Тағы бір топ магистратура мен докторантураға қажетті құжаттарды жинап жүр. Ал биыл осы үш мәселеде құжат тапсыру мен қабылдау ерекше болып тұр. Бұған әлемді өзгерткен пандемия себеп. Кім қайда, қалай, қандай құжат тапсырады? Осыған жауап іздеп көрелік.

Білім • 15 Шілде, 2020

Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында қашықтан оқытуда инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің барын, осыған байланысты өткен төртінші «төтенше» тоқсанда тиімді оқыту болмағанын алға тартып, Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайын екеніне күмәнданатынын жеткізді. Елдегі пандемия проблемасы ушығып тұр, ал жағдай осылай жалғасса, жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталатыны белгілі. Азаматтардың амандығы, адам денсаулығы бәрінен маңызды. Дегенмен біраз ата-ана қашықтан оқытуға қарсы болып отыр.

Білім • 07 Шілде, 2020

Білім мен ғылымның астанасы

Осыдан 10-15 жыл бұрын өңірлердегі қалалар мен шалғайдағы елді-мекендердің мектептерін тәмамдаған түлектер сапалы жоғары білім алу үшін Алматыға, облыс орталықтарына немесе шетелге ат басын бұратын. Бұл шешім олар үшін білімнің биігіне қол жеткізумен тең еді. Ал қазір ауылдан астанаға арман қуып аттанатындар аз емес. Сол білім қуып келген ізденушілердің бір бөлігі бүгінде ізденуін әрі қарай жалғастыру мақсатында жас қалада қалды. Өйткені олар үшін елорда – елдің ғана емес, білім мен ғылымның да астанасы.

Білім • 07 Шілде, 2020

ҰБТ-2020 мәресіне жетті

Әне-міне дегенше бұрынғыдан бөлектеу басталған негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу де тәмамдалды. Пандемия өршіп тұрған елең-алаң шақта тестілеуді тапсыру талапкерлерге де оңайға соқпады, биылғы ҰБТ ата-аналарды да жылдағыдан екі есе алаңдатқаны анық. Сонымен, жанын шүберекке түйген талапкерлер үшін сын сағат артта қалды. Бірақ кімнің бағы мен бабы қоса шапқаны алдағы уақытта қаралатын комиссияның отырысында анықтала жатар. Әзірге ҰБТ-2020-ның бұрынғыдан, анығы былтырғыдан қандай өзгешелігі мен жаңашылдығы болғанына тоқталайық.