Теннис • 13 Наурыз, 2025
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында шымылдығы түрілген, жүлде қоры 9 693 540 долларды құрайтын аса ірі халықаралық турнирде өнер көрсеткен еліміздің төрт теннисшісінің үшеуі алғашқы айналымнан аса алмады.
Бокс • 12 Наурыз, 2025
WBC ұйымы кәсіпқой бокстан өтетін Гран-при турнирінің жаңа нұсқасын ұсынып отыр.
Теннис • 12 Наурыз, 2025
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді аяқтады
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында шымылдығы түрілген жүлде қоры 9 693 540 долларды құрайтын аса ірі халықаралық турнирде өнер көрсеткен Қазақстанның төрт теннисшісінің үшеуі алғашқы айналымнан аса алмады.
Спорт • 12 Наурыз, 2025
Спорттық гимнастикадан Бакуде өткен әлем кубогінде еліміздің құрамасы үш жүлде олжалады. Еркін жаттығуда Милад Карими беларусьтік Егор Шармаковтан қалып қойып, күміс медальды иеленсе, брусьяда жапониялық Казуки Мацумиді алға жіберген Дмитрий Потанин дәл сол межеден көрінді. Зейнолла Ыдырысов ат жаттығуында қолаға қол созды. Тағы бір айта кетерлік жайт, қолда тіреп жаттығуында 49 жастағы Өзбекстанның өкілі Оксана Чусовитина алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, сегіз Олимпиадаға қатысқан жер-жаһандағы жалғыз гимнасшы тағы бір рекордты жаңартты.
Спорт • 12 Наурыз, 2025
Норвегияның Тронхейм қаласында шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Жер-жаһанның жүйріктері жиналған жарыста 25 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Жекпе-жек • 12 Наурыз, 2025
Былтыр көктемде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аса жеңіл салмақтағы Бекзат Алмахан UFC-дегі тұсаукесер кездесуін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізді. Қарсыласы тым азулы болғанына қарамастан, қазақтың қайсар ұлының өнері жақсы әскер қалдырды. Қандасымыз Дағыстанның тумасына лайықты қарсылық көрсетіп қана қоймай, бірінші раундта оны сұлатып салуға шақ қалды.
Спорт • 07 Наурыз, 2025
25-30 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина қорғайды. 20 жастағы алматылық Шайдоровтың жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс, Азия ойындарының қола жүлдегері, «Төрт құрлық біріншілігінің» жеңімпазы деген атағы бар. 18 жастағы Мәскеудің тумасы Самоделкина биыл Дүниежүзілік студенттер ойынында қола медаль иеленді.
Бокс • 06 Наурыз, 2025
8 наурызда Сербияда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді
8 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Сол жарыста жерлестеріміздің қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
Теннис • 06 Наурыз, 2025
Теннисшілер Индиан-Уэллстегі турнирге аттанды
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін халықаралық турнирде Қазақстанның бірнеше теннисшісі өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2025
Аустрияда дзюдодан Гран-при турнирі өтеді
Ертең Аустрияның Линц қаласында шымылдығы түрілетін Гран-при турнирінде еліміздің 14 дзюдошысы күреседі.