Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3671 материал табылды

Күрес • 27 Қараша, 2024

Балуандар бабында екен

Арменияның астанасы – Ереванда күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыста еліміздің балуандары өте жақсы нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге қол жеткізді.

Спорт • 27 Қараша, 2024

Жарыс күнделігі

Еліміздің жасөспірім дзюдошылары Грекияда өткен Еуропа кубогінде 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді олжалап, жалпы командалық есепте жеке-дара көш бастады. Гүлхан Шыңғысхан (48 кг) мен Расул Мұқым (81 кг) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Әсел Русланова (48 кг), Даниял Сейілхан (50 кг), Алтынбек Қонысбай (60 кг) финалда ұтылды. Ал Нұрдос Досберген (60 кг), Марғұлан Игілік (60 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Спорт • 26 Қараша, 2024

Жарыс күнделігі

Шағын футболдан УЕФА рей­тингі жаңартылды. Қарт құрлық­тың ең үздік командалары арасында еліміздің құрамасы төр­тінші орынға тұрақтады. Жиған ұпайымыз – 1040. Алдымызда – Румыния (1540 ұпай), Әзербайжан (1425), Сербия (1305). Сондай-ақ ТОП-10 команданың қатарына Болгария (855), Франция (815), Словакия (745), Черногория (685), Мажарстан (665), Чехия (655) еніп отыр.

Спорт • 26 Қараша, 2024

Күміс медаль алды

Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир аяқталды. Еліміздің ең үздік спортшысы Михаил Шайдоров аталған жарыста табысты өнер көрсетті.

Спорт • 23 Қараша, 2024

Жарыс күнделігі

Арменияның астанасы – Ереванда өтіп жатқан әскерилердің әлем чемпионатында 70 кг салмақ дәрежесінде белдескен еркін күрес шебері Мейіржан Әшіров бас жүлдені олжалады. Жарыс барысында ол Ресей, Моңғолия, Иран, Үндістанның өкілдерінен басым түсті. Сөйтіп, өзінің спорттық мансабында екінші рет дәл осындай атаққа қол жеткізді. М.Әшіров осыдан сегіз жыл бұрын өткен чемпионатта да қарсылас шақ келтірген жоқ еді. Сондай-ақ Ереванда Айдос Сұлтанғали (60 кг, грек-рим күресі), Рүстем Мырзағалиев (86 кг, еркін күрес), Светлана Акинчева (50 кг, әйелдер күресі), Ма­рина Седнева (55 кг, әйелдер күресі) қола медаль­ды иеленді. Аталған жарыс 24 қа­рашада аяқталады.

Спорт • 22 Қараша, 2024

Жарыстар күнделігі

Алдағы демалыс күндері Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при додасының кезеңдік сайыс­тары басталады. Бұл жарыста еліміздің намысын Михаил Шайдоров қорғайды. Жуырда ғана Франциядағы дәл осындай бәсекеде жеңіс тұғырына сәл ғана жетпей, төртінші орынға тұрақтаған отан­дасымыз бұл жолы қалай да жүлделі орын алуды көздеп отыр.

Сұхбат • 16 Қараша, 2024

Ғұсман Қырғызбаев: Қола жүлденің құнын елге келгенде сезіндім

– Ғұсман, сен спорттық ман­сабыңды қазақ күресінен бастаған екенсің. Осы жайттан құлағдар болғанда кәдімгідей қуанып қалдық. Расында да, ата-бабамыздан ұрпаққа мирас болған спортты серік еткен саңлақтар арасынан Олимпиада жүлдегерлері шығып жатса, ғанибет қой...

Спорт • 13 Қараша, 2024

Жарыстар күнделігі

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астанада 16-17 қараша күндері Билли Джин Кинг кубогі аясында өтетін Оңтүстік Кореяға қарсы матчқа қатысады. Қазақстан теннис федерациясы Е.Рыбакинадан басқа кездесуге Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева қатысатынын мәлімдеді. Теннисші қыздардың қарсыластары қазірдің өзінде белгілі. Оңтүстік Корея үшін Да Ен Бак (әлемнің 314-ракеткасы), Со Хен Пак (жұптық разрядта 252-ракетка), Ку Ен Ву (WTA, 418), Ким Дабин (жұптық разрядта 838-ракетка) ойнайды. Еліміз құрамасы Ұлттық теннис орталығының корттарында өтетін сайыстың фавориті болып саналады. Әлемдік командалық рейтингте еліміз құрамасы 13-орында, ал Корея 32-орында.

Спорт • 08 Қараша, 2024

Жарыстар күнделігі

Үндістан Олимпиадалық комитеті 2036 жылғы жазғы Олимпия ойындарын өз елінде өткізу жөнінде Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) ресми хат жолдады. Осыған дейін Мексика, Индонезия, Түркия, Польша, Мысыр, Оңтүстік Корея тарапынан да ХОК-қа осындай өтініш түскен болатын. Ал оның алдындағы ғаламдық додалардың алауы 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ), 2032 жылы Брисбенде (Аустралия) тұтанатынын естеріңізге сала кетейік.

Теннис • 08 Қараша, 2024

Еленаның жолы болмады

Бұл күндері Сауд Ара­биясының Эр-Рияд қала­сында әлемнің ең үздік сегіз теннисшісінің қаты­суымен WTA-ның қо­рытынды турнирі өтіп жатыр.