Жекпе-жек • 23 Қаңтар, 2025
Кезінде UFC-де күш сынасып, көрермен көзайымына айналған танымал аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов алдағы уақытта АҚШ-тың Global Fight Laegue промоушенінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған турнирлерге қатысады. Күні кеше ғана ол осы ұйыммен келісімшартқа отырды.
Спорт • 23 Қаңтар, 2025
Тоқсаныншы жылдардың соңында мамандар тарапынан жас дзюдошы Ерлан Слямбаев туралы жақсы пікірлер жиі айтыла бастады. Ерлан небары 17 жасында Алматыда кіл мықтылар бас қосатын Санжар Жандосовты еске алуға арналған халықаралық турнирде топ жарып, 18 жасында ел чемпионы атанды. Сөйтіп, 60 кг салмақ дәрежесінде еліміздің беткеұстар балуанына айналды. Дегенмен сол дарынды да қарымды балуанға не Олимпия ойындарында, не әлем чемпионатында бақ сынау бақыты бұйырмады. Неге?
Спорт • 22 Қаңтар, 2025
Шайбалы хоккейден еліміздің қыздар құрамасы әлем біріншілігін (U-18) сәтсіз бастады. Екінші дивизиондағы А тобында өнер көрсететін олар тұсаукесер кездесуде Ұлыбританиядан 1:3 есебімен ұтылды. Енді жерлестеріміз Нидерланд, Жаңа Зеландия, Латвия, Тайпей ойыншыларымен шеберлік байқасады.
Теннис • 22 Қаңтар, 2025
Бұл күндері Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінде еліміздің спортшылары сәтсіз өнер көрсетіп, барлығы да жарыс жолынан шығып қалғаны белгілі.
Спорт • 21 Қаңтар, 2025
Семсерлесуден Бахрейннің астанасы – Манамада өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік сайысында еліміздің жастар құрамасы бас жүлдені олжалады. Жарыс барысында жерлестеріміз Сауд Арабия (45:36), Қытай (45:25), Франция (44:43) құрамаларын ұтты. Жеңімпаз команданың сапында Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин, Кирилл Проходов өнер көрсетті.
Бокс • 21 Қаңтар, 2025
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев былғары қолғабын шегеге ілді. Бұл туралы ұлттық құрама командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
Футбол • 11 Қаңтар, 2025
Іріктеу турнирінің жеребесі тартылды
Швейцарияның Цюрих қаласында футболдан 2026 жылы АҚШ, Канада, Мексикада өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Соған сәйкес қарт құрлықтың 54 ұлттық құрамасы 12 топқа бөлініп, өзара бәсекеде кімдердің «мундиальда» ойнауға лайық екенін анықтайды.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2024
Рекорд жаңарса да, жүлде бұйырмады
Мажарстан астанасы Будапеште қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің әр қиырынан жиналған спортшылар алты күн бойы сайысқа түсіп, 46 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Нәтижесінде, «Дунай-Аренада» небәрі 14 мемлекеттің әнұраны шырқалып, барлығы 25 елдің туы биікте желбіреді.
Спорт • 20 Желтоқсан, 2024
Қарағанды қаласында мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты аяқталды. Жарыста еліміздің бірқатар өңірінен келген ең үздік спортшылар бақ сынады.
Жекпе-жек • 19 Желтоқсан, 2024
Бахрейннің Иса Таун қаласында аралас жекпе-жектен «Brave 91» турнирі өтті. Осы жарыста аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Диас Еренғайыпов октагонға шықты.