Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3985 материал табылды

Теннис • 19 Қыркүйек, 2025

Дүбірлі дода жақындап келеді

Осыдан бірер күн бұрын газетімізде 11–19 қазан аралығында Алатау баурайында «АТР 250 Almaty Open» турнирі өтетіні туралы «Саңлақтар Алматыда бас қосады» атты мақала жарық көрді. Онда біз жарыстың тарихына қысқаша шолу жасай келе, биыл оған қандай теннисшілердің қатысатыны жөнінде мағлұмат берген едік.

Спорт • 18 Қыркүйек, 2025

Жарыс күнделігі

Өзбекстанның Самарқан қаласында «FIDE Women’s Grand Swiss» турнирі аяқталды. ­Көр­шілес елде жалауы желбіреген жарыста 21 жас­тағы дарынды шахматшымыз Бибісара Асаубаева 11 мүмкіндік­тен 7,5 жинап, қола медальды олжалады. Осы табысының арқасында Б.Асаубаева 25 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болды. Бас жүлдені Вайшали Рамешбабу иеленді. Үндістан ойыншысы былтыр да осы турнирде топ жарған еді. Екінші орынға ресейлік Катерина Лагно табан тіреді. Олар 8 ұпайдан еншіледі. Жарыс барысында Бибісара осы екі шахматшыдан ғана ұтылды.

Күрес • 17 Қыркүйек, 2025

Қоржынымызда – қос қола

Еркін күрес шеберлері Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын қорытындылады. Аталған жарыста еліміздің құрамасы қос қола медальды қанағат тұтты. Жүлде иегерлері – Асылжан Есенкелді (61 кг) мен Нұрқожа Қайпанов (70 кг).

Спорт • 16 Қыркүйек, 2025

Жарыс күнделігі: Кәсіпқой бокс

Жеңіл атлетикадан Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатында Нора Джеруто сәтті өнер көрсетіп жатыр. 3000 метрге кедергілер арқылы жүгірудің іріктеу сайысында ол мәре сызығын екінші болып қиып өтті. Осы нәтиженің арқасында еліміздің желаяғы финалға жолдама алды. Команда сапындағы тағы бір кениялық легионер Дейзи Джепкемей мәреге тоғы­зыншы болып келіп, финалға өте алмады. Финалдық бәсекелер 17 қыркүйекте өтеді.

Кәсіпқой бокс • 13 Қыркүйек, 2025

Бектің жарқын жеңісі

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде екінші орта салмақта күш сынасып жүрген Бек Нұрмағанбет кезекті жекпе-жегін өткізді.

Спорт • 13 Қыркүйек, 2025

Жастар Джакартада белдеседі

13–14 қыркүйекте Индонезия астанасы Джа­картада жас­тар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Жарыста еліміздің намысын 18 балуан қорғайды.

Теннис • 12 Қыркүйек, 2025

Саңлақтар Алматыда бас қосады

11–19 қазан аралығында Алматыда «АТР 250 Almaty Open» турнирі өтеді. Қазірдің өзінде бірқатар танымал теннисшілердің осы жарысқа қатысатыны белгілі болып отыр. Бақ сынаушылар қатарында ресейлік Даниил Медведев пен Карен Хачанов, грекиялық Стефанос Циципас, еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик, тағы басқа саңлақтар бар.

Спорт • 11 Қыркүйек, 2025

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады

13 қыркүйекте Жапонияның астанасы - Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Ол жарыс тоғыз күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс • 11 Қыркүйек, 2025

Жәнібек көш бастап тұр

Әлемге әйгілі Boxrec.com сайты еліміздің ең үздік кәсіпқой боксшыларының рейтингін жариялады. Мықтылар көшін Жәнібек Әлімханұлы бастап тұр.

Спорт • 11 Қыркүйек, 2025

Азулы Италияны ауыздықтай аламыз ба?

Футзалдан келесі Еуропа чемпионаты 2026 жылғы 20 қаң­тар мен 7 ақпан аралығында үш мемлекетте – Словения, Латвия, Литвада өтеді. Осы жарысқа жолдама алуға еліміздің ұлттық құрамасының да мүмкіндігі мол.

Яндекс.Метрика