Спорт • 07 Қараша, 2024
8-10 қараша аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық, жауынгерлік самбодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Көптеген мемлекеттің ұлттық құрамалары бақ сынайтын аса жауапты жарыста барлығы 31 жүлде сарапқа салынады. Осы дүбірлі дода қарсаңында аталған спорт түрінің тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.
Спорт • 06 Қараша, 2024
АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында World Boxing (WB) халықаралық бокс федерациясының конгресі өтті. Жиын барысында Қазақстанның бокс федерациясы (ҚФБ) ресми түрде аталған ұйымның толыққанды мүшелігіне қабылданды. Қазіргі кезде WB-ның құрамында 55 мемлекет бар. Жылдың соңына дейін олардың саны екі есеге артады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ конгресте Қазақстан тарабы 2018 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық әлем чемпионатын елімізде ұйымдастыру жөнінде өтініш білдірді.
Футбол • 06 Қараша, 2024
Ұлттар лигасындағы соңғы ойындар
Футболдан ұлттық құрама команда 12 қарашада Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Команданың бас бапкері Станислав Черчесов бұл жиынға есімдері төменде аталған ойыншыларды шақыртты.
Спорт • 05 Қараша, 2024
Отандық «Алаш Прайд» промоушенінің мұрындық болуымен Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Жарыстың басты жекпе-жегінде Руслан Сариев (15-3-0) пен бразилиялық Раулиан Пайва (23-5-1) күш сынасты. Бұл бәсеке қазақ файтерінің пайдасына шешілді. Осыдан төрт жыл бұрын дәл осы Пайва UFC додасында Жалғас Жұмағұловты жеңген еді.
Спорт • 05 Қараша, 2024
Жасөспірімдер жарқыраған жарыс
Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін жасөспірімдердің республикалық турнирі өтті.
Спорт • 02 Қараша, 2024
Нұрқожа Қайпанов – әлем чемпионы!
Албанияның астанасы Тиранада күрес түрлерінен Олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарыста еліміздің 12 балуаны өнер көрсетіп, солардың үшеуі елге олжалы оралды. Байрақты бәсекеде Ержет Жарылқасын мен Жәмила Бақбергенова күміс алса, Нұрқожа Қайпанов бас жүлдені олжалады.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Олимпиада комитеттерінің жиыны
Португалияның Кашкайш қаласында Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) ХХVII Бас Ассамблеясы өтіп жатыр.
Спорт • 01 Қараша, 2024
АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Лонг-Бич қаласында грэпплингтен AIGA Чемпиондар лигасының үшінші кезеңі өтті. Еліміздің үздік спортшыларынан жасақталған алты мықты команда финалдық сайыстың кезекті жолдамаларын сарапқа салды.
Спорт • 31 Қазан, 2024
Бұл күндері еліміздің конькишілері алдағы маусымға қызу даярланып жатыр. Алда әлем кубогінің кезеңдік сайыстары, басқа да аса ірі халықаралық додалар бар. Ал басты жарыс – келесі жылдың ақпан айының алғашқы жартысында Қытайдың Харбин қаласында алауы тұтанатын ІХ Қысқы Азия ойындары.
Спорт • 30 Қазан, 2024
Үстел теннисінен Мысырдың Исмаилия қаласында ұйымдастырылған WTT Youth Contender турнирінде Қазақстан құрама командасының мүшесі Жәния Бекмұхамбетова табысты өнер көрсетті. 13 жастағылардың жарысында ол жеті бірдей қарсыласын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты. Жәния бұған дейін де өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантқан еді. Жуырда ғана ол Хорватияда өткен халықаралық турнирде алдына жан салмады.