Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3739 материал табылды

Спорт • 10 Желтоқсан, 2024

Далласта күміс алды

АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында Америка, Еуропа, Азия құрлықтарының бірқатар мемлекетінен келген танымал дзюдошылардың қатысуымен халықаралық турнир ұйымдастырылды.

Бокс • 10 Желтоқсан, 2024

9 жігіт, 5 қызымыз – финалда

Чиангмайдағы Азия чемпионатының жетінші күні де ширек финалдық сайыстарды тамашаладық. Рингке көтерілген еліміздің 11 боксшысының сегізі жеңіске жетсе, үш жерлесіміз жеңіліс тауып, жарысты аяқтады. Одан кейін жартылай финалдық айқастардың куәсі болдық. Бұл бәсекелер де өте шиеленісті өтті.

Спорт • 07 Желтоқсан, 2024

Жарыс күнделігі

UFC-де өнер көрсетіп жүрген еліміздің танымал аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенников (12-5) осы промоушендегі өзінің екінші кездесуін 15 ақпанда АҚШ-тың Лас-Вегасында өткізеді. Оның қарсыласы – жергілікті файтер Билли Гофф (9-3). Осының алдындағы бәсекені отандасымыз биыл тамыз айында америкалық Дэнни Барлоуға (9-0) қарсы өткізіп, оған ұпай санымен ұтылған еді. Гоффтың бұл UFC-дегі үшінші айқасы. Алғашында жапониялық Юсака Кинситаны (6-3) бірінші раундта ұрып жықса, екіншісінде өзінің жерлесі Трей Уотерске жол берді.

Теннис • 07 Желтоқсан, 2024

Рыбакинаның табысы – 7,9 миллион доллар

«Sportico» порталы 2024 жылдың қорытындысы бойынша ең көп табыс тапқан теннисшілердің тізімін жариялады. Бақуат­ты­лар көшін әлемнің үшінші ракеткасы Кори Гауфф бастап тұр.

Бокс • 07 Желтоқсан, 2024

Тартыс көрігі қыза түсті

Азия чемпионатының бесінші жарыс күні еліміздің бес боксшысы өнер көрсетіп, төртеуі жеңіске жетті. Дулат Бекбауов, Абылайхан Жүсіпов, Диас Молжігітов, Әйгерім Сәттібаева жартылай финалда күш сынасу құқығына ие болды.

Бокс • 05 Желтоқсан, 2024

Жерлестеріміз жарап тұр

Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күні еліміздің үш былғары қолғап шебері рингке көтеріліп, бар­лығы да қарсыластарынан басым түсті. Олар – Мах­мұд Са­бырхан (54 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Милана Сафронова (67 кг).

Спорт • 05 Желтоқсан, 2024

Жарыс күнделігі

20 желтоқсанда Астанада «Fight Night» турнирі ұйымдастырылады. Жарыста бірқатар аралас жекпе-жек шебері бокс ережесі бойынша жұдырықтасады. Солардың қатарында кезінде UFC-да өнер көрсеткен Дамир Исмағұлов пен Жалғас Жұмабеков сынды қазақтың танымал спортшылары бар.

Спорт • 04 Желтоқсан, 2024

Жарыс күнделігі

Жасөспірімдердің ІІІ жазғы Азия ойындарының алауы келесі жылы Ташкент қаласында тұтануға тиіс еді. Бірақ күні кеше ғана Азияның Олим­­пиадалық кеңесі аталған доданы Бахрейн­де ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Енді жас өрендердің дүбірлі додасы Парсы шығанағында өтетін болды. 

Бокс • 04 Желтоқсан, 2024

Алғашқы сәтсіздік

Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші күні еліміздің қос бұрымдысы – Алуа Балқыбекова мен Ұлжан Сәрсен­бек шаршы алаңға шығуға тиіс еді.

Ауыр атлетика • 04 Желтоқсан, 2024

Манамадағы «майдан» Әлемнің ең үздік зілтеміршілерін анықтайды

6-15 желтоқсан аралығында Бахрейн астанасы – Манамада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпио­натының жалауы желбірейді. Осы жарыста жер-жаһанның әр қиырынан жиналған мық­ты командалармен қатар елі­міздің ұлттық құрамасы да өнер көрсетеді. Дүбірлі дода қар­са­ңында тарихқа қысқаша шолу жасай кетуді жөн көрдік.