Спорт • 29 Тамыз, 2024
Алмастың асуы: IJF президентінің кеңесшісі қазақ жігіті туралы не білеміз?
Кейінгі екі жазғы Олимпия ойындарында еліміздің боксшылары сүреңсіз өнер көрсеткені мәлім. 2021 жылы Токиода біздің жігіттерге қос қола медаль ғана бұйырды. Сол кезге дейін төртжылдықтың басты додасынан бас жүлдесіз оралмаған біз үшін бұл үлкен соққы еді. Арада үш жыл өткен соң, тағы да сәтсіздікке ұшырадық. Парижде жалғыз күміске қолымыз жетті. Нәтижесінде, жоғарыда аталған екі жарыстың қорытындысында жерлестеріміз қалың топтың арасында қалып қойды.
Хоккей • 28 Тамыз, 2024
Шайбалы хоккейден еліміздің ұлттық құрамасы Астанада өткен Президент кубогі жолындағы жарыс аяқталған бетте қысқы Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын турнирге дайындығын бірден бастап кетті.
Шахмат • 28 Тамыз, 2024
Грузияның бас шаһары Тбилисиде ұйымдастырылған ФИДЕ-нің Гран-при турнирі әлемнің атақты шахматшыларының басын қосты. Солардың арасында Бибісара Асаубаева да бар.
Олимпиада • 28 Тамыз, 2024
Бүгін Францияның бас шаһары Парижде XVII жазғы Паралимпия ойындарының алауы тұтанады. 6 қыркүйекке дейін созылатын бәсекелер барысында әлемнің әр қиырынан жиналған 4 400 атлет спорттың 20 түрінен сайысқа түсіп, 549 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Солардың қатарында Қазақстанның да параспортшылары бар.
Спорт • 27 Тамыз, 2024
Иорданияның астанасы Амманда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы (U-17) әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарысты Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен қорытындылады.
Спорт • 24 Тамыз, 2024
Эфиопияның астанасы Аддис-Абебеде «IBA чемпиондарының түні» деп аталатын дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста 48 кг салмақтағы қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы, әлем және Азияның екі дүркін чемпионы Теміртас Жүсіпов жұдырықтасты. Ол құрлық біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы, өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедовпен қолғап түйістірді. 8 раундтық сайыс қазақ боксшының жеңісімен аяқталды.
Спорт • 24 Тамыз, 2024
Паралимпиада алауы тұтанатын күн жақын
28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында еліміздің 44 өкілі өнер көрсетеді. Олар спорттың тоғыз түрінен бақ сынайды. Жарыстың ашылу салтанатында мемлекеттік туымызды параволейболшы Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуші Севда Әлиева ұстап шығады.
Теннис • 23 Тамыз, 2024
Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінің басталуына санаулы күн ғана қалды. Нақтылай айтсақ, 26 тамызда Нью-Йоркте шымылдығы түрілетін жарыс 8 қыркүйекте өз мәресіне жетеді. «Үлкен дулыға» санатына енген дүбірлі додада әлемнің ең үздік ойыншылары өнер көрсетеді. Бақ сынаушылар қатарында еліміздің де теннисшілері бар. Биыл US Open турнирінің жүлде қоры 75 млн долларды құрап отыр. Бұрын-соңды теннисшілердің бірде-бір бәсекесінде дәл осындай қомақты сыйақы тағайындалмаған еді. Бұл – рекордтық көрсеткіш!
Спорт • 23 Тамыз, 2024
Күрес түрлерінен Йордания астанасы Амманда өтіп жатқан жастар арасындағы (U-17) әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні өрендеріміз қос күміс медальға қол жеткізді.
Сұхбат • 23 Тамыз, 2024
Қазақ боксына түбегейлі өзгеріс қажет - Бақыт Сәрсекбаев
Боксшы Бақыт Сәрсекбаевтың есімі қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпия ойындарында отандық былғары қолғап шеберлері арасынан жалғыз өзі бас жүлдені олжалап, еліміздің әнұранын шырқатты. Одан бөлек, қандасымыздың Азия ойындарының жеңімпазы (2006 жылы), Азиаданың қола жүлдегері (2002), құрлықтың үш дүркін чемпионы (2002, 2005, 2007) деген атақтары тағы бар. Сол табысының арқасында «Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы» атағын алып, І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Содан кейін біраз уақыт елімізде жаттықтырушы болып қызмет етті. Таяуда ғана боксшымен тілдесудің сәті түсіп, Париж Олимпиадасындағы қазақ боксшыларының өнері әңгімеміздің арқауына айналды.