Күрес • 29 Қазан, 2024
Ризабектің алтыны қазақ балуандарының абыройын сақтап қалды
Албанияның астанасы Тиранада күрес түрлерінен жастар арасында өткен (U-23) әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы толық құрамда, яғни барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бірақ бозкілемге шыққан 30 балуанның тек біреуі елге олжалы оралды. Ол – Ризабек Айтмұхан.
Теннис • 29 Қазан, 2024
Алдағы күндері еліміздің теннисшілерін бірқатар аса жауапты жарыстар күтіп тұр. Солардың арасындағы ең маңыздысы – Билли Джин Кинг кубогі. Әр жыл сайын әйелдер арасында ұйымдастырылып тұратын дәстүрлі турнирде жерлестеріміз Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойнайды.
Спорт • 24 Қазан, 2024
«Номад» UFC-дің чемпиондық тәжіне таласады
Жекпе-жек десе, делебесі қозатын барша жанкүйер тағатсыздана күткен күнді де көруге жақын қалды. Тарихта тұңғыш рет қазақтың ұлы әлемдегі ең белді промоушен – UFC-дің чемпиондық белбеуіне таласады. Аталған ұйым Белал Мұхаммад пен Шавқат «Номад» Рахмонов арасындағы айқастың 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетінін ресми түрде жария етті.
Кәсіпқой бокс • 24 Қазан, 2024
Екі титул – қолда, екеуі – жолда
«Дядя Ваня» деп аталатын отандық телеграм-арна АҚШ басылымдарының дереккөздеріне сүйене отырып, белгілі кәсіпқой боксшысы, WBO мен IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының соңғы бес жылда қанша табыс тапқанын жария етті.
Спорт • 23 Қазан, 2024
Жарақат алуына байланысты ұзақ уақыт бойы үлкен спорттан қол үзіп қалған еліміздің танымал теннисшісі Зарина Диас қайта кортқа шықты. Күні кеше ғана ол Түркияның Кайсери қаласында өткен турнирде топ жарды. Финалда беларуссиялық Алена Фалейді 0:6, 6:4, 6:3 есебімен ұтқан жерлесіміз бас жүлдені олжалады.
Теннис • 22 Қазан, 2024
«ATP 250 Almaty Open» турнирі аяқталды. Жүлде қоры 1 036 700 долларды құраған дүбірлі додада әлемнің бірқатар белді теннисшісі өнер көрсетті. Жекелеген сайыста жеңімпаз атанған саңлақ 157 695 доллармен қоса, 250 рейтингтік ұпайға ие болса, жұптық бәсекеде бас жүлдені олжалағандарға 54 780 доллар табыс етілді.
Спорт • 22 Қазан, 2024
Бұл күндері АҚШ-та еңбек етіп жүрген еліміздің азаматтары арасында да дарындылар мен қарымдылар аз емес. Солардың бірі – Бақыткелді Қасенов. Отбасымен бірге алыстағы Америкада тұрып жатқанына бірер жылдың жүзі болған қандасымыз спорт саласында елеулі табыстарға қол жеткізіп үлгерді.
Жекпе-жек • 22 Қазан, 2024
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night 245 турнирі өтті. Сол жарыста аса жеңіл салмақтағы Асу Алмабаев (20-2) Бразилия спортшысы Матеус Николаумен айқасты.
Жоба • 17 Қазан, 2024
Ауыл спортын дамытуға бағытталған жоба
Алматыда «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған «AuylSport» жобасының таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында қордың аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі, алдағы жоспарлары, соған сәйкес өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы толық мағлұмат берілді.
Жекпе-жек • 16 Қазан, 2024
Асуды азулы қарсылас күтіп тұр
Бұл күндері барша қазақ жанкүйерлері 19 қазанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 245 турнирін тағатсыздана күтіп отыр. Сол кеште аса жеңіл салмақтағы Асу Алмабаев Бразилия спортшысы Матеус Николаумен күш сынасады.