Спорт • 06 Маусым, 2024
UFC-де өнер көрсетіп жүрген аса жеңіл салмақтағы қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм өзінің келесі кездесуін 3 тамызда Абу-Дабиде америкалық Си Джей Вергараға қарсы өткізеді.
Теннис • 06 Маусым, 2024
Еліміздің теннисшілері үшін Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі аяқталды. Соңғы үмітіміз 24 жастағы Елена Рыбакина ширек финалда италиялық Жасмин Паолиниге жол берді.
Футбол • 06 Маусым, 2024
Енді бір ай бойы күллі әлем жанкүйерлерінің назары Германияға ауатыны сөзсіз. Өйткені 14 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының шымылдығы түріледі. 14 шілдеге дейін созылатын дүбірлі доп додасы бұл жолы қызыққа да толы болатынына ешкімнің күмәні жоқ.
Спорт • 06 Маусым, 2024
14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында футзалдан Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының кестесі жарияланды. D тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы тұсаукесер кездесуін 15 қыркүйекте Андижанда Испанияға қарсы өткізеді. Араға екі тәулік салып Ливиямен күш сынасамыз. 21 қыркүйекте Ташкентте Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасамыз. Әр топтың үздік екі командасы және үшінші орын алғандар арасында ең көп ұпай жиған төрт ұжым плей-оффқа жолдама алады.
Спорт • 06 Маусым, 2024
Шосседегі велоспорттан Алматыда Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға сары құрлықтың 27 мемлекетінің спортшылары қатысуда.
Спорт • 05 Маусым, 2024
Мажарстанның астанасы – Будапеште күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Осы жарыста жақсы нәтиже көрсеткен балуандар UWW рейтингінде жоғарылайды. Ал оның пайдасы Олимпия ойындарының жеребе тартылатын кезде анық сезіледі.
Спорт • 05 Маусым, 2024
Әртістік жүзуден Канаданың Маркем қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогінің кезеңдік сайысында ұлттың құрама командамыз мол олжаға кенелді.
Футбол • 05 Маусым, 2024
Адиевтің орнына Черчесов келді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетіп, оның орнына Станислав Черчесов келді. Сөйтіп, Ресейдің бір маманын екіншісі алмастырды. Отандық футбол федерациясының (ҚФФ) бұл шешімі дұрыс па, әлде бұрыс па оны уақыт көрсетеді.
Спорт • 05 Маусым, 2024
Футболдан Ресей суперкубогінің финалында Санкт-Петербургтің «Зениті» Калининградтың «Балтикасынан» 2:1 есебімен басым түсіп, бас жүлдені олжалады. Осы матчта шешуші допты төрешінің қосқан қосымша уақытында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп соқты. Бұл – қандасымыздың «Зениттің» сапындағы алғашқы голы.
Олимпиада • 05 Маусым, 2024
60 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасында Қазақ елі намысын қорғауға кімнің лайық екенін анықтау мақсатында Қазақстан дзюдо федерациясы (ҚДФ) үміткер үш балуанның арасында өзара белдесулер өткізуді құп көріп отыр.