Спорт • 18 Маусым, 2024
Футзалдан Қазақстан чемпионатында 20 жыл бойы үстемдік құрып, бас бәйгені ешкімге бермеген Алматының «Қайраты» биылғы маусымда күміс медальды қанағат тұтты.
Футбол • 18 Маусым, 2024
Футболдан XVII Еуропа чемпионатының ашылу рәсімі мен тұсаукесер кездесуі Мюнхендегі әйгілі «Альянс-Аренада» өтті. Салтанатты іс-шара аяқталған бетте жасыл алаңға А тобындағы Германия мен Шотландияның ұлттық құрамалары шықты. Осы ойында Францияның танымал төрешісі Клеман Тюрпен қазылық етті.
Спорт • 11 Маусым, 2024
Мажарстанның астанасы – Будапеште күрес түрлерінен Имре мен Варга Яноштың мемориалы аяқталды. Бұған дейін біз Қазақстанның еркін күрес шеберлері арасынан Әлішер Ерғалидің (97 кг) алтын, Юсуп Батырмұрзаевтың (125 кг) күміс, Ризабек Айтмұханның (97 кг) қола медальді иеленгені жайында баяндадық.
Теннис • 10 Маусым, 2024
Францияның бас шаһары – Парижде «Ролан Гаррос» турнирі аяқталды. Жүлде қоры 53 478 000 еуроны құраған жарыста Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынады. Солардың арасынан Елена Рыбакина ең үздік нәтижеге қол жеткізді.
Футбол • 10 Маусым, 2024
Еревандағы Вазген Саркисян атындағы стадионда футболдан Армения мен Қазақстанның ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Бұл матч 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Күрес • 08 Маусым, 2024
Будапештте күрес түрлерінен Мажарстанның мақтан тұтар перзенттері – Имре мен Варга Яношты еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржынына үш жүлде түсті.
Сұхбат • 08 Маусым, 2024
Садық МҰСТАФА: Жұмыста жүйе болмаса, спортшыда жүлде болмайды
Соңғы кездері дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп жүргені белгілі. Оған дәлел – былтырғы Азия ойындары мен биылғы Азия чемпионатының қорытындысы. Ал әлем чемпионатында жүлде алмағанымызға біраз жылдың жүзі болды. Осы сәтсіздіктің сыры неде? Осы және басқа да сауалдарды танымал бапкер әрі спорт функционері, дзюдо, қазақ күресі және ауыр атлетикадан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылорда облысы дзюдо федерациясының президенті Садық Мұстафаевқа жолдадық.
Теннис • 07 Маусым, 2024
Қазақстанның сақа теннисшілері үшін Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғанымен, жасөспірімдер буыны арасындағы «French Open» бәсекесінде Әмір Омарханов табысты өнер көрсетіп жатыр.
Футбол • 07 Маусым, 2024
14 маусым: 23:40 Ашылу салтанаты 00:00 Германия – Шотландия
Спорт • 06 Маусым, 2024
Қазіргі кезде Италияның Тоди қаласында стенд атудан «PERAZZI CUP» турнирі өтіп жатыр. Бұл жарыста 20 мемлекеттен келген 350-ге тарта мергендер өнер көрсетуде. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында қос медаль бар. Эдуард Ещенко мен Диана Сәбеуова «скит-микс» жаттығуы бойынша аралас жұптар сайысында қола медальды иеленсе, «трапта» Виктор Хасяновқа тең келер ешкім табылмады.