Спорт • 06 Тамыз, 2024
Таяуда әйгілі ESPN арнасы ХХІ ғасырдың ең үздік спортшыларының рейтингін жариялады. Бұл тізімде АҚШ жүзушісі Майкл Фелпс жеке-дара көш бастап тұр.
Олимпиада • 06 Тамыз, 2024
Францияның бас шаһарында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпия ойындарының кезекті күні еліміздің өрендері спорттың үш түрі бойынша сынға түсті. Бірақ осы аптаның басы біз үшін сәтті болмады. Жарыс жолына шыққан жерлестеріміздің барлығы да жеңілістің кермек дәмін татты.
Олимпиада • 06 Тамыз, 2024
Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Нора Джерутодан да күтеріміз көп. 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде ол мәреге 9 минут 16,46 секундта жетіп, бесінші сатыға тұрақтады. Осы көрсеткіш оның финалға жолдама алуы үшін жеткілікті болды. Енді ақтық сында тек желмен жарысқан жүйріктер ғана сайысқа түседі. Арасында осалы жоқ. Барлығы да мықты. Десек те біз Джерутадан аса жоғары нәтиже күтеміз. Дәл осы желаяқ Қазақстан құрама командасының қоржынына тағы бір медаль салуға тиіс.
Олимпиада • 06 Тамыз, 2024
Ендігі үміт – Нұрбек пен Назымда
Қазақстаннның 10 боксшысы Сена өзенінің жағалауына жұлқынып келген еді. Өкінішке қарай, олардың сегізі сәтсіз өнер көрсетті. Атап айтсақ, Аслан Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг), Айбек Оралбай (80 кг), Махмуд Сабырхан (57 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг) сынды әлемдік деңгейдегі додаларда олжа салып жүрген сақа спортшылар алғашқы айналымнан аса алмады.
Спорт • 06 Тамыз, 2024
Елдостың ерлігі және саңлақтардың сан соққан күні
Дзюдошылар Париж Олимпиадасын аяқтады. Бұл Қазақстан үшін тарихи ойындар болды. Өйткені бұған дейін еліміздің бірде-бір татами шебері аталған жарыстың алтын тұғырына көтерілген емес. Ондай ерлік жасауға аса жеңіл салмақтағы Елдос Сметовтің күш-жігері мен қарым-қабілеті жетті. Осыған дейін отандық дзюдо тарихында жастар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы, осы спорт түрін серік еткен қазақ балуандары арасындағы тұңғыш әлем чемпионы ретінде есімі спорттық шежіреде алтын әріптермен жазылған Елдос Францияның бас шаһарында тағы бір тарихта қалатындай үлкен іс тындырды. Ахмет Жұмағұлов пен Ғалымжан Жылкелдиев шәкіртінің табысына күллі Алаш жұрты шаттана қуанды. Енді Сметовтің қоржынында Олимпиаданың толық жүлде жиынтығы бар. Атап айтсақ, ол 2016 жылы Риода – күміс, 2021 жылы Токиода – қола, 2024 жылы Парижде алтын медальды мойнында жарқыратты.
Олимпиада • 06 Тамыз, 2024
Сенбінің кешінде Париж Олимпиадасын тамашалаған сан миллион жанкүйерді Нариман Құрбанов қуантты. Спорттық гимнастиканың ат жаттығуы бойынша сынға түскен саңлақ күміс медальды олжалады. Бұл – спорттың осы түрі бойынша отандастарымыздың тәуелсіздік алған кезеңнен бергі Олимпия ойындарының алғашқы жүлдесі.
Олимпиада • 05 Тамыз, 2024
Өткен аптаның соңында дзюдошылардың додасы аяқталды. Соңғы болып татамиге әйелдер арасындағы аса ауыр салмақтағы Кәмилә Берліқаш шықты.
Спорт • 02 Тамыз, 2024
UFC-де күш сынасып жүргеніне аса көп уақыт болмаса да, біраз бедел жиын үлгерген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев қазіргі кезде аса жеңіл салмақтағы (56,7 кг) спортшылардың рейтингінде 14-орынға көтерілді.
Спорт • 01 Тамыз, 2024
Сейсенбіде Париж Олимпиадасында тағы бірнеше жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Өкінішке қарай, бұл тәулікте де Қазақстанның қоржынына бірде-бір медаль түспеді. Әсіресе біз дзюдошы Абылайхан Жұбаназар мен Есмигүл Куюлова және жүзуші Әділбек Мусиннің жолына үмітпен қарадық.
Спорт • 31 Шілде, 2024
Парижде алауы тұтанған Олимпия ойындарының алғашқы күндері қоржынымызға 1 алтын мен 2 қола медаль түскенде қазақ жанкүйерлері қуаныш пен шаттыққа бөленді. Барлығымыз арқа-жарқа болып қалған едік. Ал осы аптаның басы біз үшін көңілсіздеу басталды. Дүйсенбі күні жерлестеріміз бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмады.