Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
203 материал табылды

Қоғам • 27 Маусым, 2025

Өлкесін сүйетін өрендер

Жарқайың ауданында тағылымы мол жақсы іс қолға алынып отыр. Мектеп оқушылары жазғы демалыстарында туған өлкенің тарихи жерлерін аралап, таным көкжиегін кеңейтеді.

Форум • 26 Маусым, 2025

Келешекті сөз еткен келелі пікір алаңы

Көкшетауда Ақмола облысының XII Азаматтық форумы өтті. Бұл жиын тек өңірлік деңгейдегі жиын ғана емес, бүкіл ел үшін стратегиялық маңызы бар оқиға ретінде қа­лып­тасып келеді.

Қоғам • 26 Маусым, 2025

Той тәрбие мектебі ме?

Етжақын туыс Бәкір ақсақалдың немересі шаңырақ көтеріп, той жасаған. Ақ түйенің қарны жарылған қуаныш. Отау иесі болып жатқан азамат та біразға дейін салт басты, сабау қамшылы болып жүріп алды. Көптен күткен сүйінішті жай болған соң, Бәкір ақсақал шала бүлініп, бар жиғанын шашып, атап өтуге ниеттенген.

Аймақтар • 25 Маусым, 2025

Шаттық бесігі

Ай нұрлы, ару сипатты Айыртау көлінің шығыс жақ жаға­лауындағы «Сокол» балаларды сауықтыру орталығы алты жыл үзілістен кейін күрделі жөндеуден өткізіліп, қайтадан жұмыс істей бастады.

Еңбек • 13 Маусым, 2025

Қарабауырдың қымызы-ай!

Босағасына береке үйірілген ауыл тұрғындарын көргенде бар істің басында еңбекқорлық тұр-ау деген ұйғарымға келерің бар. Тасыңның өрге домалауы да тікелей осы еңбек атты құдіретке байланысты.

Туризм • 12 Маусым, 2025

Бурабайдың туристік әлеуеті артады

Еліміздегі туризм саласын дамытуға әлеуеті зор Бурабай баурайы мемлекеттің қамқорлығымен жаңарған кейіпке еніп, түрленбек. Табиғаты тамылжыған ғажайып өлкені көріктендіру, сақтау, хас сұлудай сыландыру бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Үкіметтің кешенді даму жоспарына сәйкес, жалпы құны 137,2 млрд теңге болатын 118 іс-шара қолға алынбақ. Бір жақсысы, осы қаржының 64 млрды – жеке инвестиция. Бес жылда жүзеге асырылуға тиісті ауқымды іс-шара басталып та кетті. Туристік маусымға дайындық барысын қаузаған дөңгелек үстел барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов түйінді мәселенің мән-жайын тілге тиек етті.

Аймақтар • 05 Маусым, 2025

Қойнауы қойға жайлы

Ерейменнің етегі төрт түлік мал өсіруге мейлінше қолайлы. Таулы-тасты адырлардың көктемгі қызыл су үйіріліп, жаз ортасына дейін кілкіп жататын қолат-қойнауы сәл селдірлеу біткенімен, малға жұғымды шөп бар. Әуел баста ақтылы мал өсіріп, шаруасын жолға қоймақ болған «Жаңа береке» шаруа қожалығы 2017 жылы бағымындағы малды түгел сатпақ болды. Сол жылы қатты құрғақшылық болып, әншейінде шөп мол шығатын ойпаң жерлердің өзі көктемей қалды. Мал азығы тапшылығынан қысылған қожалық қолындағы малымен бірге бар дүниесін сатуға мәжбүр болды. Қара малмен бірге 300-ге жуық жылқы жаңа серіктестіктің иелігіне көшті. Серіктестік бастапқы атауын сақтап қалды.

Балалар • 03 Маусым, 2025

Жазғы демалыс жайлы бола ма?

Балалардың жазғы демалысын жүйелі ұйымдастыру – аға буынға сын. Оқушылар оқу жылы аяқталысымен жазғы демалысқа асығады. Демалыстың төресі тамылжыған табиғат аясы, балығы тайдай тулаған ақ айдын, сыбдырлаған жапырақтары дала күйін шертіп жатқан ну орман.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2025

Қоқыстан арылатын күн туса игі

Табиғаты тамылжыған көрікті Көкше өңіріндегі өзекті мәселенің бірі – заңсыз қоқыс үйінділері. Бір қарағанда таптаурынға айналған тақырып болғанымен, өзегі жарылып, өңі түзелмей тұрған соң, тағы бір айналып соғуға мәжбүрміз.

Әскер • 23 Мамыр, 2025

Қатал тәртіпке үйренген ару

Әншейінде түрме деген суық сөз денеңді тітіркентетіні бар. Сұрқай көріністің ішінде түнектің түндігін түретін сұлулық та бар. Ол – осы жерде қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер.